Спектакль туралы

Түбі бір түркінің тұтастығы жолында саналы ғұмырын сарп етіп, Алаштың азаттығын ту етіп, Түркістаным деп күрескен мемлекетшіл тұлға - Мұстафа Шоқайдың тар жол, тайғақ кешу қасіретті тағдыры,  мұң-шері спектакльде сүйікті жары Мария арқылы беріледі.

Мария Яковлевна  танымал опера әншісі бола тұра бар өмірін ерінің күрескерлік тағдырына арнаған, соңғы демі үзілгенше «Менің Мұстафам» деп рухын ардақтап өткен аяулы тұлға. 

Ұзақтығы
1 сағат 5 минут
Жас мөлшері
12+
Сахна
Кіші зал
Автор
Қ. Бегманов
Режиссер
Ә. Рахимов