Драма оқиғасы аурухана палатасында өтеді. Драманың бас кейіпкері бүгінде жасы жетпісті алқымдаған Мейірбек бақыт туралы, өмірдің мәні туралы ойға шомады. «Бақытты болу – бір бөлек, ал бақытты екеніңді сезіне білу – екінші бөлек нәрсе, яғни екеуі екі түрлі құбылыс» депті бір данышпан. Әттең кейбір пенделер бақытқа кенеліп жүрсе де өздерін бақытсыз санайды.
Драма кейіпкерлерінің өзара пікірталастары мен ой таратуларынан өзіндік дүниетанымдары, өмір ұстанымдары айқын танылады. Дәулет – жан дәулетімен, Асылхан – туған топырақтан ажырамаған хандығымен, Мейірбек – құдайдың өзі өлшеп берген азды-көпті өміріне ырзашылығы, қанағатымен дараланады. Достардың арасында өмірлік жолын, бәлкім, дұрыс таңдамаған Советбектің өкініші көп...