Спектакль туралы

«Контрабас» пьесасы – әйгілі неміс жазушысы, атышулы «Парфюмер» романының авторы Патрика Зюскиндтің алғашқы туындысы. Мюнхендегі премьерадан кейін ол Еуропадағы ең танымал қойылымдардың біріне айналды және әлі күнге дейін әлем сахналарынан түспей келеді.  

Пьесаның кейіпкері Елеусіз жан, ол – ғашық. Қызғаныш жалынына оранған ол махаббат жолында кез келген құрбандыққа дайын. Бірақ сонымен бірге ол жігерсіз де. Мұндай Елеусіз адамға бірінші болып қадам жасау – тым ауыр салмақ. Ол түптің түбінде өз жанының тұңғиығынан сүңгіп шығып, сүйгеніне қол жеткізе ала ма? Дегенмен... армандар орындалатын Жаңа жыл түні бар емес пе... Армандар орындалады!


Ұзақтығы
1 сағат
Жас мөлшері
+14
Сахна
Кіші зал
Тіл
Қазақша
Автор
П. Зюскинд, аударған: М. Омарова
Режиссер
М. Кәтәй