Бүгінгі күнгі бір отбасындағы ахуал бейнеленетін спектакль оқиғалары ащы күлкіге толы. Ұл мен қыз, келін мен күйеу, бала, немерелерге дейін шетелдік есімді иеленген, құндылықтары да өзгерген бұл отбасы – кезіндегі кеңестік көзсіз интернационализмнің бүгінгі зардабының нақты көрінісі. Ұлттық болмысынан ажыраған ұл мен қыз, олардан өтіп туған немере мен жиен, күлкілі көрінетін қылықтары... «Өз қолын өзі кесе алмай отырған» ата-ананың өзек өртеген өкініштері... Қысқасы, бір отбасының, демек, қазіргі қазақ қоғамының да комедияландырылып көрсетілген қасіреті.

Комедия