Спектакль туралы

Спектакль көрнекті жазушы-драматург О. Бөкейдің «Қар қызы» повесінің сахналық нұсқасы бойынша қойылды. Қыс ортасында мал азығы таусылып, трактормен алыстан шөп әкелуге шыққан үш жас жігіт ақ қар, көк мұзды тау арасында жолдан адасады. Айнала аппақ әлем, үскірік аяз. Үсіп өлу қаупі туған кейіпкерлер үшін өмір мен өлімнің арпалысы басталып, олардың шынайы болмыстары ашыла түседі. Осы бір қиын сапардың басында олардың Қоңқайға, ал соңында «...Қоңқай зәлім жеңбесін деп Айыртауда отырған» Сиыршы шалға жолығуы бекер емес. Әлемді жамандық жайлап кетпеуі үшін оған жақсылық қарсы тұрады. Өмірдің ұлы тепе-теңдік заңдарының бірі осы болса керек... 

Ұзақтығы
1 сағат 40 минут
Жас мөлшері
12+
Сахна
Үлкен зал
Автор
О. Бөкей
Режиссер
Ж. Жұманбай

Қатысатын актерлер