Дешті Қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) – қатардағы құлдан Мысыр елінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетке ие болса да Бейбарыс бабамыздың жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына, жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді халық бекер айтпаса керек.
Драма
БЕЙБАРЫС СҰЛТАН / Қ. Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры
29 қаңтар
Спектакль туралы
Ұзақтығы
2 сағат
Жас мөлшері
14+
Сахна
Үлкен зал
Тіл
Қазақша
Автор
Р. Отарбаев
Режиссер
Ю. Ханинго-Бекназар
Кесте
| Күні | Орын | Бағасы | Уақыты | ||
|---|---|---|---|---|---|
| 29 |
қаңтар
Бейсенбі
|
Үлкен зал | 18:30 | Билет сатып алу |