Спектакль туралы

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе». Қыз өсіруге ерекше мән берген қазақ үшін осы ұғым – қағида. Толықсып бойжетіп, өз теңіне ұзатылғалы отырған, атына заты сай Таңсұлудың тағдыры – ғасырлар бойғы қазақ қыздарының еншісі. Тұтқынға түскен ару көз құрты болған сұлулығын өз еркімен тәрк етеді. Ұрпағын аман сақтап, махаббатына да қылаң түсірмейді. Қанша қиын күн туса да мойымай, ұлына бабалар рухын жырлайды.

Өзінің мұндай талайлы тағдырын он жасында түсінде көрген Таңсұлу – Ұлы Даланың жазылмаған заңы – тектілік пен намыстың символы десе болады.

Ұзақтығы
1 сағат 30 минут
Жас мөлшері
12+
Сахна
Үлкен зал
Тіл
Қазақша
Автор
Ғ. Есім
Режиссер
А. Кәкішева

Қатысатын актерлер