Спектакль туралы

Спектакль оқиғасы қарт ғалымның үйіне ұры түсуден басталады. Үй иесі полиция шақырудың орнына ұры жігітті аяп, екеуара әңгіме мүлдем басқа қалып алады. Таң қалған ұрыға: «...Ұрлық тек үй тонаудан тұра ма екен?!» деп жауап береді тележурналистерді күтіп отырған ардагер қарт. Сұхбат алуға келген тележурналистің жеңіл-желпі, «Әйтеуір жазып алсам болды, әйтеуір нанымды жеп жүрсем болды» дегендей сырғыма сұрақтары, ардагердің «Жынына тиеді». Осы тұста үйге ардагердің журналист ұлы келеді де, телесұхбат әке мен бала арасында ар шындығы, қоғам шындығы туралы ащы пікірталаc айтысқа ұласып, бірте - бірте ақиқат шеті көріне бастайды.

Кешеден бүгінге жалғасқан көкейкесті, күрделі небір сауалдар алдан шығады. Жап - жас жігіт неге ұрлық жасап жүр? Бүгінгі қоғамда әртүрлі деңгейдегі ұры неге көбейді? Қоғамның құнары неге кеміп барады? Мұның түп - тамыры неде?..

Ұзақтығы
2 сағат
Жас мөлшері
12+
Сахна
Үлкен зал
Тіл
Қазақша
Автор
Т. Әбдіков
Режиссер
Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан