Спектакль туралы

Ұлы Абай - тұтас бір әлем, әлі толық игеріліп болмаған ғарыш. Абай жұмбағын шешуге ұмтылу - оның өмірлік-өнерлік баянын зерделеп байқауға деген ұмтылыс. Ұлы ақынның өзінің әлеуметтік ортасынан ерекшеленуінің; үнемі даму-кемелдену жолында болуы тиіс Адам атты ұлы құбылысты зерттеу-тану жолында "толық адам" ілімін ашуының, осылайша Хакімдік деңгейге жетуінің жұмбағы неде? Бұл күрделі сауалдарға Абайдың өз шығармашылығына және М.Әуезовтің атақты "Абай жолы" эпопеясының оқиғаларына сүйене отырып өз тарапынан жауап іздейтін қойылым көрерменін де осы бір күрделі сауал төңірегінде ой-серіктестікке шақырады.

Ұзақтығы
1 сағат 15 минут
Жас мөлшері
12+
Сахна
Үлкен зал
Тіл
Қазақша
Автор
Б. Әбділманов, М. Омарова
Режиссер
А. Оспанбаева

Қатысатын актерлер