Алма Жұмашқызы Кәкішева

қоюшы-режиссер
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014).
1959 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.
1978 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияны,
1994 жылы Т. Жүргенов атындағы Театр-көркемсурет институтының (қазіргі Өнер академиясы) «Кино және драма» бөлімін және 2004 жылы режиссура мамандығы бойынша магистратураны оқып бітірген.
1994жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
2004 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
Актерлік жұмыстары:
М. Метерлинк «Соқырлар», М. Мақатаев «Қош, махаббат», Иран-Ғайып «Шыңғысхан», А. Тасымбеков, Қ. Ысқақ «Кебенек киген арулар» (барлығының режиссері Б. Атабаев), режиссер Қ. Сүгірбеков «Шолпанның күнәсі» (М. Жұмабаев, сахналық нұсқа: Ә. Тарази), «Құбылыс» (Ф.Кафка, сахналық нұсқа: Е. Аманшаев), «Қуыршақ үй» (Г. Ибсен) сынды эксперименттік қойылымдарында рөлдер ойнаған; «Ымырттағы махаббатт» (Г. Гауптман, ауд. Қ. Ысқақ, реж. Р. Андриасян) – Беттина, «Ат жылаған түн» (Т. Мурод, реж. О. Салимов) – Айсұлу, «Күзгі романс» (С. Асылбеков, реж. Н. Жұманиязов) – Айсұлу, «Сұлу мен суретші» (Т. Ахметжан, Н. Жақыпбай) – Нұрғайша, «Үйлену» комедиясында (Гоголь, ауд. О. Қыйқымов, реж. В. Захаров) – Фекла Ивановна рөлдерін сомдады.
Режиссерлік қойылымдары:
Республика театрларында:
«Шығармашылық жалғыздық» (А. Камю және Шәкәрім),
М.Мақатаев шығармалары бойынша қойылым (дипломдық спектакль),
Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-ай» фантасмагориясы (Жамбыл облыстық драма театры);
Мольер «Ақымақ болған басым-ай!» комедиясы (ауд. А. Сүлейменов,
«Ақ сарай» театры),
М. Омарова «Жолаушы», «Жалт еткен бір сәуле» драмалары (БҚО театры).
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында:
Т. Жуженоглы «Көшкін» (ауд. О. Қыйқымов),
С. Асылбекұлы «Империядағы» кеш»,
Д. Кобурн «Жынойнақ» (ауд. Е. Аманшаев),
А.Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова),
Ғ.Есімов «Таңсұлу»,
Д.Исабековң «Жүз жылдық махаббат»,
І.Есенберлин «Алмас қылыш» (сахналық нұсқа: Ә. Бағдат),
М.Омарова «Көмбе нанның дәмі»,
Г. Томский «Атилла мен Аэций» (ауд. Ә. Бөпежанова)
Кинодағы рөлдері:
«…Ресей ана» (режиссері Р. Әлпиев), «Теміртау» телефильміндерінде рөлдер орындады.



Әлия Қахарманқызы Бөпежанова

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Халықаралық «Алаш» әдеби (2003), Ұлттық «Сахнагер» (2018) сыйлықтарының лауреаты.
1952 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.
Қазақ ұлттық Қыздар педуниверситеті филология факультетiн, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аспирантурасын (1978) бітірген. Белгілі театр сыншысы, КСРО Театр қайраткерлері одағының Әлеуметтану және сын орталығы жетекшісі В.Я.Калиш шеберханасынан дәріс алған (1989-1990).
М.Әуезов атындғы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі (1993-1998); 2008 жылдан әдеби кеңесші болып қызмет етеді.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы жұмыстары:

инсценировка - «Біржанның соңғы әні», драма - А.Сүлейменовтің «Адасқақ» циклы бойынша сахналық нұсқа (реж. Ә. Рахимов, 2017)

аудармалары – «Еділ қаған» («Еділ патша» - Е.Замятин, тарихи драма, реж.Ю.Коненкин, 1996), «Әли баба және қырық қарақшы» (мюзикл, либретто В.Смехов, музыка С.Никитин, В.Берковский, реж.Т.Аралбай, 1998), «Апалы-сіңлілі үшеу» (А. П.Чехов, драма, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева, 2013), «Отелло» - сахналық нұсқа (У. Шекспир, трагедия, реж. Н.М. Птушкина, 2014), «Атилла мен Аэций» (Г. Томский, тарихи драма, реж. А.Кәкішева, 2019). «Шолпанның күнәсі» - қазақ тілінен орысшаға аударма (М.Жұмабаев, сахн.нұсқа Ә.Тарази, реж.Қ.Сүгірбеков, 1997)

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, сахнагерлері туралы кітаптары мен кітап жобалары:

кітаптары – «Өнер – жеке тәжірибе» («Жібек жолы» баспасы, 2008),

«Сахна сәулесі» («Алматы-Болашақ» АҚ, 2020)

кітап жобалары – «Фарида Шәріпова» (2006), «Әнуар Молдабеков» (2007),

«Есболған Жайсаңбаев» (2010), «Есмұқан Обаев» (2011), «Хабиба Елебекова» (2012), «Торғын Тасыбекова» (2013) - барлығы да «Әйгілі адамдар» сериясымен «Өнер» баспасынан жарық көрді.

More products
Наргиз Тамабекқызы

ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы (2013), «Қазақстан театр қайраткерлері одағының», «Құрмет грамотасы (2015), «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (2019)
1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.
1986-1991 жж. Қазақ Мемлекеттік С. Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы) университетінің тарих факультетінде «Музейтанушы» мамандығы бойынша оқыды.
1996 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
Республика баспаларынан театрдың 80 жылдығына арналған кітап-альбомды, актерлер Ә. Молдабеков, Е. Жайсаңбаев, С. Майқанова, Н. Мышбаева, Қ. Сұлтанбаев, М. Нүрекеев, Р. Әуезбаева, Ә. Өмірзақова (кітап-альбомының құрастырушысы), режиссер Е. Обаевтың альбомдарын шығаруға атсалысты. Астанаға Ә. Мәмбетовтің 75 жылдығына, А. Әшімовтің 70 жылдығына, Қостанайға Қ. Бадыровтың 100 жылдығына, Талдықорғанда Б. Римованың 85жылдығына көрме, Қызылордаға С. Майқанованың 95 жылдығына арналған көрмелер апарып ұйымдастырды.

Театрдағы жұмыстары:

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 90 жылдық мерейтойына кешенді көрме ұйымдастырды (2016).
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының 90 жылдық мерейтойына, театр мұражайының «Тарих толқынындағы театр шежіресі» атты көрме» ұйымдастырды.
EXPO-2017 Халықаралық көрмесі аясында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері А. Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Астана» Халықаралық театрлар фестиваліне арнайы көрме ұйымдастырды.
2017 жылы театрдың 92-маусымының ашылуына – Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Ұлы жазушы М. Әуезовтің 120 жылдығына орай «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты көрме ұйымдастырды.
Алматы қаласында орналасқан 8 театрдың басын қосып, театрлар тарихын бір арнада тоғыстырды. Осы шараға орай алғаш рет М. Әуезов театрының альбомының және 8 театрдың бірлескен каталогының авторы болды (2017).
2017 жылдың 19-26 желтоқсан аралығында Қазақстанның мәдениет және спорт министірлігінің «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» халықаралық жобасы бойынша М. Әуезов академиялық драма театрының Жапонияның Токио қаласында өткен «Рухани қазына» атты көрмесін ұйымдастырды.
2018 жылы 9 наурыз күні КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қ. Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына арнайы кешенді көрме ұйымдастырды.
2018 жылы 15-18 наурыз аралығында Алматы метросының М. Әуезов театры бекетінде Халықаралық театрлар күні мейрамының қарсаңында және театр музейінің 50 жылдық мерейтойының аясында «Театр әлемі» атты көрме ұйымдастырылды.
2018 жылы театр музейінің «Театр әлемі» атты көрмесін М. Әуезов театрының Ақтөбе және Орал қалаларындағы гастрольдік сапарына алғаш рет арнайы ұйымдастырды.
2018 жылдың 24 мамырында Театр музейінің құрылғанына 50 жыл толуына орай өткізілген «Театр музейінің түні» атты көрме ұйымдастырды



Әубәкір Сыдықұлы Рахимов
Қоюшы-режиссер
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998), «Парасат» орденінің (2009), «Астана» медалінің иегері (1998), Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Ұлттық Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры (2010).
1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келген.
1966-1968 жж. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік студиясын оқып бітірді.
1974 жылы Мәскеудегі А. Луначарский атындағы Театр өнері институының (ГИТИС) режиссерлік факультетіне КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, профессор И.М. Тумановтың (Туманашвили) курсына түсіп, 1979 жылы үздік бітірді.
Дипломдық жұмысын М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында О. Бөкейдің «Текетірес» пьесасы бойынша қойған спектаклімен қорғап, осы театрға жұмысқа шақырылды. Сол уақыттан бері осы сахнада 50-ден аса спектакль қойды.



Режиссерлік қойылымдары:

М. Әуезов «Қилы заман» (сахналық нұсқа: Н. Оразалин),
Ә. Рахимов «Шәкәрім»,
Н. Әбуталиев «Өттің, дүние»,
С. Торайғыров «Қамар сұлу»,
А. Сүлейменов («Ситуациялар»): «Төрт тақта – жайнамаз» , «Жетінші палата», «Қыздай жесір – штат қысқарту», «Кек»,
Ә. Әбішев «Кәусар»,
Д. Исабеков «Әпке» мен «Кішкентай ауыл»,
С. Досанов «Дауыл»,
Р. Сейсенбаев «Түнгі диалог»,
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»,
С.Мұқанов «Мөлдір махаббат»,
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ғашықсыз ғасыр», «Сағыныш пен Елес»,
Б. Майлин (сахналық нұсқа: Қ. Ысқақ) «Сабатажж!!.»,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той»,
Т. Чарлей «Мен сіздің әпкеңізбін»,
Ә. Тарази «Ақын. Періште. Махаббат»,
Ш.Құсайынов «Алдар көсе»,
Ф. Буляков «Отыз ұлың болғанша»,
Мольер «Ақымақ болған басым-ай!» (ауд. А. Сүлейменов),
М. Файзи. «Башмағым»,
Иран-Ғайып, Ш. Шаваев «Қашқария» (Республикалық Ұйғыр театры).

Ә. Рахимов – бұқаралық және театрландырылған қойылымдардың шебері. «ҚазКСР 60 жылдығы», «ЛКСМ-ның 60 жылдығы», «Наурыз», «Наурызнама», Абайдың 150 жылдығы, Жамбылдың 150 жылдығы, Әуезовтің 100 жылдығы, Баян-Өлгейдің 60 жылдығы ( Моңғолия), Тараздың 2000 жылдығы, «Отаным – достық ордасы», Астана тұсаукесері, Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, Шәкәрімнің 150 жылдығы, Б.Момышұлының 100 жылдығы т.б. көптеген мерекелік қойылымдардың, фестивальдердің, республикамызда өтетін мәдени іс-шаралардың сценарийлерін жазып, бас режиссерлік жасады. Ислам дініміздің ізгілік пен имандылыққа тәрбиелейтін асыл мұраттары жайлы «Мәуліт мерекесі», «Құран жарысы» сияқты театрландырылған концерттік бағдарламалар жасады.
Оның «Режиссер шеберлігі. Пьесадан қойылымға дейін» атты кітабы (2010) режиссура өнері туралы қазақ тілінде жазылған тұңғыш көлемді оқулық.

Мұрат Исмайылұлы Сапаров

Қоюшы-суретші

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2011), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойлық медалі (2016). 1990-1995 жж. Республикалық О.Таңсықбаев атындағы Көркемсурет училищесінің «Сценография» бөлімін, 1995-2000 жж. Қазақ мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Сценография, театр-кино және телевидениенің қоюшы-суретшісі» бөлімін бітірді. 2002 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы спектакльдері:
«Апат» (Апокалипсис, И. Вовнянко, реж. Ә. Рахимов),
«Ақын, Періште, Махаббат». (Ә. Тарази, реж. Ә. Рахимов),
«Сыған серенадасы» (И. Сапарбай, реж. Е. Обаев, Т. Аралбай),
«Қара кемпір» (Ә. Әмзеұлы, реж. Е. Обаев),
«Актриса» (Д. Исабеков, реж. Н. Жұманиязов),
«Ай тұтылған түн» (М. Кәрім, реж. О. Кенебаев),
«Күзгі романс» (С. Асылбекұлы, реж. Ә. Рахимов),
«Құдалар» (Е. Уахитов, реж. Ә. Рахимов),
«Бәкей қыз» (Т. Мәмесейітов, реж. Ә. Рахимов).
«Қожанасыр тірі екен» (Т. Нұрмағамбетов, реж. О. Кенебаев),
«Еңлік – Кебек» (М. Әуезов. реж. Х. Әмір-Темір),
«Шырақ жанған түн» (Н. Оразалин, реж. Н. Жақыпбай),
«Қыз мұңы» (И. Сапарбай, реж. Е. Обаев, Т. Аралбай),
«Сағыныш пен Елес» (С. Балғабаев, реж. Ә. Рахимов),
Шәкәрім (реж және авт. Ә. Рахимов),
«Мен ішпеген у бар ма?» (Иран Ғайып, реж. О. Кенебаев),
«Жүз жылдық махаббат» (Д. Исабеков, реж. А. Кәкішева),
«Ай мен Айша» (Ш. Мұртаза, сахналық нұсқа: Е.Жуасбек, реж. Т.әл-Тарази),
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Алмас қылыш» (І. Есенберлин, реж. А. Кәкішева),
«Бақыт кілті» (Қ. Мұрат, реж. Е. Обаев),
«Адасқақ» (А. Сүлейменов, реж. Ә. Рахимов).
Алматы Неміс театрындағы спектакльдері:
«Пингвины в Африке» (ертегі),
«Брехун» авт. Олександр Ирванец (Украина) реж. Андрей Критенко (Германия),
«Norway.Today» психологиялық клоунада авт. Игорь Бауэршима (Швейцария), реж. Виктор Немченко (Қазақстан).
Қатысқан көрмелері:
Алматы, Мемлекеттік орталық музейдегі сценографтар көрмесі (2005),
Алматы, Ә. Қастеев атындағы Өнер музейіндегі көрме (1997, «Көксерек» галереясымен бірігіп).
Астана, Суретші-сценографтардың өткен көрмесі (2007).
Астана, Өзінің жеке каталогы жарық көрді (2007).







Ерік Әбдіманапұлы Әдісбек

суретші

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2011), «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011), «Құрмет» орденінің иегері (2013),
1956 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылында дүниеге келген.
1973 жылы Қазақтың Мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық институтының Көркемсурет факультетін бітірген.
1982жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы спектакльдері:
«Турандот ханшайым» (К. Гоцци, режиссері Т. әл-Тарази),
«Тұзды шөл» (М. Ғапаров, Т. әл-Тарази),
«Алатау сынды алыбым» (Қ. Ысқақ, Ә. Тарази, реж. Қ. Сүгірбеков),
«Ғашықтар» (І. Есенберлин, Қ. Сүгірбеков),
«Мың бір түн» (В. Смехов, реж. Т. Аралбай),
«Құбылыс» (Ф. Кафка, реж. Қ. Сүгірбеков),
«Сәлеметсіз бе, қоңыр мұң?» (Д. Амантай, реж. Қ. Сүгірбеков),
«Жуастан - жуан» (В. Покровский, реж. Н. Тұтов),
«Томирис» (Шахимарден, реж. Т. әл-Тарази),
«Қазақтар» (Қ. Ысқақ, Шахимарден),
«Ескі үймен қоштасу» (Т. Нұрмағанбетов, реж. Е. Обаев),
«Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов, реж. О. Кенебай), «Мұрагерлер» (Д. Исабеков, реж. О. Кенебай).
Ғ. Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрында:
«Алдар көсе»,
«Шибөрі»,
«Есеней-Ұлпан», т.б.

Мадина Мырзахметқызы Омарова

Әдебиет бөлімінің меңгерушісі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаты (2016), Ұлттық «Сахнагер» сыйлығының лауреаты (2017), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2012).
1975 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылында дүниеге келген.
1992-1996 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Филология факультетін «Аудармашы» мамандығы бойынша оқып бітірген.
1996-1998 жж. Т. Жүргенов атындағы Театр және Кино институтында «Кино және театр драматургы» мамандығы бойынша оқыған.
2013жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы жұмыстары:
«Ақтастағы Ахико» (реж. А. Маемиров),
«Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева),
У. Шекспир «Лир патша» (сахналық нұсқа: М. Омарова, реж. Е. Нұрсұлтан).
Аудармалары:
2020 жылы Абайдың 175 жылдығына орай Ұлттық Аударма Бюросы тапсырмасы бойынша Абай мұрасын (45 қара сөзін, 3 поэмасын және 100 өлеңін) орыс тіліне аударды.
Сонымен бірге әлем әдебиетінің көптеген прозалық және драмалық шығармаларын, кино өнімдерін қазақ тіліне аударған.

Қолғанат Мұрат

Әдеби редактор

Республикалық тәуелсіз әдеби «Алтын қалам – 2015» байқауының, Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауының жүлдегері.
1987 жылы Моңғолияда дүниеге келген.
2005-2009 жж. Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «құрылысшы» мамандығын оқыды.
2009-2011 жж. Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің «Режиссер, театр ұжымының жетекшісі» мамандығын ҚР мәдениет қайраткері Құдайберген Насыровтың шеберханасынан аяқтады.
2011-2015 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кинотеледраматургия» мамандығын Дулат Исабековтың шеберханасы бойынша бітірді.
2017жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы жұмыстары:
«Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев).
Пьесалары:
«Шырмаудағы ғұмыр» (2013),
«Қуыршақ» (2013),
«Шырғалаң» (2014),
«Алмашы үміт» (2015),
«Түнек» (2015),
«Пони» (2016),
«Cаусақ» ( 2016),
«Бақыт кілті» (2016) .

Жұлдызбек Айтқалиұлы Жұманбай
Қоюшы-режиссер
1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылында дүниеге келді.
1999-2001 жж. Семей қаласы, Мұқан Төлебаев атындағы Саз колледжін актер мамандығы бойынша оқып бітірді.
2002-2006 жж. Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын актер мамандығын бойынша бітіріп шықты.
2012-2014 жж. Мәскеу қаласы, Театр өнері институтында «ГИТИС» режиссура мамандығы бойынша магистрлік білім алды.
2005-2012 жж. Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер қызметін атқарған.
2014-2015 жж. Семей қаласындағы «Дариға-ай» жастар театрында режиссер қызметін атқарды.
2015-2018 жж. аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер қызметін атқарды.
2018-2019 жж. Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында бас режиссер қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында режиссер қызметін атқарып келеді.

Алмат Нұрланұлы Шарипов
Қоюшы-режиссер
1988 жылы Орал қаласында дүниеге келген.
2010-2015 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын режиссура мамандығы бойынша оқып бітірген. Аталмыш оқу орынының режиссура мамандығы бойынша магистранты.
2015-2017 жж. Ақтөбе облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театрында қызмет атқарды.
2019 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
Режиссерлік қойылымдары:
М.Баджиев «Жекпе-жек»,
Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан»,
А.Чернеевский «Камертон» қойылымдарын сахналады.

Аридаш Амангелдіқызы Оспанбаева
қоюшы-режиссер
1995 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген.
2013-2018 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясындағы «Театр өнері» факультеті «Драма театрының режиссурасы» бөлімінде режиссура мамандығы бойынша білім алған.
2017 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
Режиссерлік қойылымдары:
А.Аламан «Жүрегімнің Иесі» психо-физикалық драмасы (2018 ж).
Б.Беделхан «Мұқағалимен сырласу» (2019 ж) .
2018 жылы Иран Ғайыптың «Сүйінбай» спектаклін режиссер М.Ахмановпен, 2019 жылы М.Әуезовтің «Қобыланды» спектаклін режиссер Н.Жақыпбаймен бірлесе сахналады.
Жетістіктері:
2016 жылы Мәскеудегі ІХ Халықаралық режиссерлер конкурс-фестивалінде Н.В.Гогольдің «Жындының жазбалары» шығармасын сахналап, «За нестандартное режиссёрское решение классики» номинациясы бойынша Гран При иегері.
Гузель Төлегенқызы Мұхамеджанова
Балетмейстер
1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын «режиссер-хореограф» мамандығы бойынша оқып бітірген.
2004жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
«Томирис» заманауи би ансамблінің жетекшісі.
Жетістіктері:
Конья қаласында өткен Халықаралық театр фестивлінде «Сұлу мен суретші» спектакліне қойған хореографиялық жұмысы үшін Гран-при иегері (2008).
Елік Нұрсұлтан
қоюшы-режиссер
PhD докторы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультетінің деканы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2015).
1987 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданында дүниеге келген.
2007-2011 жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын «режиссура» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2013-2014 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясында «Жоғарғы курс, режиссура» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, 2015-2018 жж. «Өнертану» мамандығы бойынша докторантурада білім алып шықты.
2012 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
Режиссерлік қойылымдары:
М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында:
2012ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Есмұхан Обаевпен бірлесіп Т.Әбдіковтің «Ұлы мен ұры»,
2013ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиевтің «Жетім тағдыр» шығармасының желісі бойынша «Қас қағым..»,
2016ж. У.Шекспирдің "Король Лир",
2017 ж. Ғ.Мүсіреповтың шығармасы желісінде «Қыз Жібек» спектаклін сахналады.
Өзге театрларда:
2011ж. С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театрында Иран-Ғайыптың «Бөшке»,
2012ж. Тараз облыстық Қазақ драма театрында Жан Коктоның «Адам дауысы»,
2014ж. Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасына қарасты опера және балет театрында С. Ахметова мен Р.Шынықұловтың «Махаббат Мұнарасы» мюзиклін,
2015ж. Беларусь мемлекетінің Минск қаласында өткен ІІ жас театр қайраткерлерінің форумының аясында, Беларусь драма театры актрисаларымен Д.Богословсийдің «Блонди» пьесасын сахналады.
Жетістіктері:
Тараз қаласында өткен «Тараз – дебют» жас режиссерлер байқауында француз драматургі Жан Коктоның «Адам дауысы» шығармасы үшін «Гран-при» иегері (2012 ж);
("Қас қағым" трагедиясы Қырғызстанда өткен V Халықаралық "ARD ORDO" театрлар фестивалінен «Гран-при» иегері (2015 ж);
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымының жоғары деңгейде өтуіне белсене қатысқаны үшін медальмен және Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының алғыс хатымен марапатталды (2015 ж);
(Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында өткен «Нигохи нав» Халықаралық театр фестивалінде У.Шекспирдің «Лир патша» трагедиясы «Гран-При» жеңіп алды (2016 ж)

Алдыярова Ләйлә Құбайысқызы
Концертмейстер
1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1987 жылы Алматы Мемлекеттік Консерваториясын педагог мамандығы бойынша оқып бітірді.
1991-2012 жж. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында жетекші концертмейстер қызметін атқарды.
1998 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында концертмейстер қызметін атқарып келеді.
Тұңғыш Мемлекеттік «Жастар» жас орындаушылар байқауының Диплом иегері (1985).

Рашит Обаев Несіпбайұлы
«Қойылым» бөлімінің меңгерушісі.
1965 жылы 16 сәуірде Алматы облысы, Кеген елді мекенінде дүниеге келген.
1982-1988 жж. Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтында «Театр және кино актері» мамандығы бойынша білім алды.
2020 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық
драма театрында қызмет атқарады.

Қуат Түстікбаев Жақсылықұлы
Қоюшы суретші
1990 жылы 8 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында дүниеге келген.
2006-2010 жж. Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжінде, 2010-2015 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Сценография» мамандандыруы бойынша білім алған.
2018-2020 жж. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Өнер ғылымдарының магистранты».
2018 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық
драма театрында қызмет атқарады.

Мұхтар Тұрғынұлы Қапалбаев
Труппа жетекшісі
1963 жылы 5 ақпанда Жамбыл облысы, Шу ауданында дүниеге келген.
1982-1988 жж. Өнер институтынан білім алып шықты (арадағы 2 жылда
әскери борышын өтеп келген).
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy