Гүлшат Өмірзаққызы Талпақова

«Ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету» цехының меңгерушісі
1971 жылы 2 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген.
1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға қабылданып, 1995 жылы «Филология» факультетін тәмамдаған.
2001-2006 жылдар аралығында Алматы гуманитарлы-техникалық университетінің сырттай бөлімін тәмамдаған.
2001 жылдан бері М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет атқарады.
«ҚР Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.

Гүлжанат Аханқызы Алтынбекова

Қойма меңгерушісі
1964 жылы 23 қазанда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Күлбабас ауылында дүниеге келген.
1983 жылы Семей қаласында Ауыл шаруашылық бухгалтерлік училищесіне түсіп, 1984 жылы бухгалтерлік мамандығын алды.
1998 жылы Әуезов театрына «есепші-кассир» қызметіне алынған.
2000 жылдан бастап театрдың қойма меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Жеңіс Тұрарбекұлы Матқасымов

«Монтаждау» цехының меңгерушісі
1955 жылы 8 шілдеде Алматы облысы, Кеген ауданы, Ақсай ауылында дүниеге келген.
1999 жылы Әуезов театрына сахна машинисті болып жұмысқа орналасқан.
Қазіргі уақытта «Монтаждау» цехының меңгерушісі.
Адэль Сағатқызы Нұрқасымова
«Гримдеу» цехының меңгерушісі
1989 жылы 11 қаңтарда Алматы облысы, Сарқант ауданы, Қарабөгет ауылында дүниеге келген.
2006 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына түсіп, 2011 жылы «гримм сценографиясы» мамандығын алып шыққан.
2008 жылдан бастап театрда әрлеуші болып қызмет атқарады.
Мәлік Қуантқанұлы Есмұханов
«Радио-дыбыс беру» цехының бөлімінің меңгерушісі
1971 жылы 2 шілдеде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Алматы энергетика және электронды аспап жасау колледжіне түсіп, 1998 жылы ортатехникалық білім алып шыққан.
1996 жылы М. Әуезов театрына дыбыс операторы қызметіне алынған.
«Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері (2006).
2002 жылдан бастап «Радиоцех» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
Касымбеков Мухит Бактыбаевич
1973 жылы 11 қарашада Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген.


1989 жылы Алматы Суретшілер училищесінде 1992 жылға дейін білім алған.


1995 жылы Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтына түсіп, 1999 жылы «суретші- мультипликатор» мамандығын тәмандаған.


2006 жылы Әуезов театрына «бутафор-суретші» қызметіне алынған.


Бүгінгі таңда «Жарық беру» цехының меңгерушісі.
Ерғалым Сейлібайұлы Ержанов
«Ағаш өңдеу» цехының меңгерушісі
1976 жылы Алматы облысы, Кеген ауданында дүниеге келген.
1991 жылы Жалаңаш орта кәсіптік-техникалық училищесіне түсіп, 1994 жылы ІІІ классты кең көлемді тракторист-машинист, ІІ дәрежелі слесарь-жөндеуші және «С» категориялы автомобиль жүргізуші мамандығын алды.
2010 жылдан Әуезов театрда қызмет етіп келеді.
Ғабит Бәзілжанұлы Бәкеев
«Бутафор» цехының меңгерушісі
1973 жылы 15 тамызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген.
1995-1999 жылдар аралығында О. Таңсықбаев атындағы Өнер колледжінде оқыған.
1999-2003 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында білім алған.
2003 жылдан Әуезов театрында қызмет етіп келеді.
Тилепалдиева Алтынкул Мухтархановна
1960 жылы 16 сәуірде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген.


1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтына түсіп, 1981 жылы тәмандаған.


1981-1998 жылдар аралығында Айдарлы совхозында бас есепші болып қызмет атқарған.


1998-2002 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №2864 Әскери бөлімшесінде Қойма меңгерушісі қызметін атқарған.


2006 жылы театрдың 80 жылдық мерейтойына орай театр әкімшілігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.


2002 жылдан бастап театрдың «Киім беру» цехының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Ләйлә Нұрғалиқызы Ибрагимова
«Нақты бұйымдар» цехының меңгерушісі
1978 жылы 5 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген.
1996 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясына түсіп, 2000 жылы «маркетинг» мамандығымен бітіріп шыққан.
2002 жылдан бастап Әуезов театрының шаруашылық бөлімінде қызмет атқарған.
2005 жылы билет кассирі қызметін атқарған.
Кейінірек «Нақты бұйымдар» цехының меңгерушісі болып тағайындалған.
Талғат Тыныбайұлы Шалағызов
«Дәнекерлеу» цехының меңгерушісі.
1967 жылы 24 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жылысай ауылында дүниеге келген.
1989 жылы «СПТУ-14» Кәсіптік Техникалық училищесін тәмамдаған.
2017 жыдан бастап Әуезов театрында қызмет етіп келеді.
Өмірәлі Өтепбергенұлы Бексейітов
«Сантехника және желдеткіш» цехының меңгерушісі
1963 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген.
1981-1986 жж. Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтының «Инженер-механик» мамандығын алып шықты.
2018 жылдан бастап М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын жылу, сумен жабдықтау және желдеткіш цехының меңгерушісі қызметіне қабылданды.
Әбдікәрім Пірзадаұлы Ерденов
«Механикалық құрал-жабдықтар» цехының меңгерушісі.
1957 жылы 5 наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм станциясында дүниеге келген.
1978-1983 жж. Алматы қаласындағы Ауылшаруашылық институтында «Инженер-механик» мамандығы бойынша оқыған.
2007 жылдан бері М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет атқарады.

Балауса Ерікқызы Әбдіманапова
«Тігін» цехының меңгерушісі
1978 жылы 1 наурызда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылында дүниеге келген.
1995-2000жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясынан «Суретші модельер» мамандығы бойынша білім алып шықты.
2014 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында суретші,
2019 жылдан бастап «Тігін» цехының меңгерушісі.

Талғат Момышұлы Есімбаев
«Көркемдеу» цехының меңгерушісі
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Талғат Есімбаев 1974 жылы 4 сәуірде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген.
1994-1998 жж. О.Таңсықбаев атындағы көркем-сурет колледжінен білім алып шықты.
1998 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының «Көркемдеу» цехының суретші-декораторы,
2016жылдан бастап «Көркемдеу» цехының меңгерушісі

Раушан Ержігітқызы Жақыпбаева
«Маркетинг және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі.
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
1971 жылы 25 шілдеде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Рославль ауылында дүниеге келген.
1990-1996жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінен «орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып шықты.
1997 жылдан бастап М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында редактор,
2020 жылдан бастап «Маркетинг және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі.

Еділхан Жұмадінұлы Имашев
«Электротехникалық» цех меңгерушісі
1966 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1983 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетіне оқуға түскен.
2019 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Электротехникалық» цех меңгерушісі.

Мұхит Құралбайұлы Көбесов
«Бейне және дыбыс жазу» цехының меңгерушісі
1988 жылы 30 қаңтарда Алматы облысы, Іле ауданында дүниеге келген.
2005-2009жж. Алматы политехникалық колледжінен «Киномеханик – аудиовизуалды техника» мамандығын,
2009-2012жж. Тұран университетінен «оператор-режиссер» мамандығын алып шықты.
2013 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Бейне және дыбыс жазу» цехының меңгерушісі.

Санат Берікұлы Қалдыбеков
«Автокөлік» цехының меңгерушісі
1988 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген.
2005-2008жж. Семей қаласы, Электротехникалық колледжін тәмамдады.
2017 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында көлік жүргізуші,
2020 жылдан бастап «Автокөлік» цехының меңгерушісі.

Марат Сұлтанұлы Сисаев
«Жарық беру» цехының меңгерушісі
1985 жылы 21 қарашада Алматы облысы, Балхаш ауданында дүниеге келген.
2004 жылы Қазақ Ұлттық педагогикалық Абай атындағы университетінің «Тарих және менеджмент» факультетінен білім алып шыққан.
2006 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Нақты бұйымдар» бөлімінде реквизитор,
2019 жылдан бастап «Жарық беру» цехының меңгерушісі

Маратжан Әбдіқанұлы Сыйыршов
«Өрт және техникалық қауіпсіздігі» цехының меңгерушісі
1964 жылы 3 желтоқсанда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылында дүниеге келген.
1985 ж. Қазақ педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1990ж. білім алып шықты.
2013 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етіп келеді.

Күлия Жақсымбекқызы Алтаева
«Гримдеу» цехының меңгерушісі
1959 жылы 6 шілдеде Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласында
дүниеге келген.
1977-1982 жж. Мәскеу қаласы, Луначарский атындағы Мемлекеттік театр
өнері иститутынан (ГИТИС) актер мамандығы бойынша білім алды.
1982 жылдан бері М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық
драма театрында қызмет атқарады.

Балмира Жақсымбетова Орынбасарқызы.
"Киім беру" бөлімінің меңгерушісі.
1978ж. 10 сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылында дүниеге келген.
1995-1999 жж. "Алматы" университетінде «Бастауыш пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.
2015 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық
драма театрында қызмет атқарады.

Бекжан Рахметов Құлахметұлы
«Механикалық» цехының меңгерушісі
1972 жылы 30 мамырда Қызылорда облысы, Киелі кентінде дүниеге келген.
1996-2001 жж. Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Экономика және менеджмент» саласы бойынша білім алды.
2020 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық
драма театрында қызмет атқарады.

Махсат Капалбайұлы Нұралиев
Мақсат Қапалбайұлы Нұралиев
«Көрермендерге қызмет көрсету» бөлімінің меңгерушісі
1972 жылы 28 мамырда Жамбыл ауданында дүниеге келген.
1994-1998 жж. Т.Қ.Жүргенов атындағы Өнер академиясында кино және драма актері мамандығы бойынша білім алды.
1998 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына актер қызметіне алынды.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy