Театр әдебі
Қадірлі көрермен!

Осы кешіңізді қазақ өнерінің қара шаңырағы - М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына арнағаныңызға үлкен ырзашылығымызды білдіре отырып, мына төмендегі жайттарды, яғни Театр мәдениетін естен шығармауларыңызды өтінеміз:

  • Театр — биік мәдениет орны. Мұнда кешкі, сәнді киіммен келген абзал /спорттық үлгідегі киімдер мұнда жараспайтыны әбден белгілі/
  • Біздің театрға мектеп жасына дейінгі балаларды ертіп келудің жөні жоқ, ал, 7 жасқа толған балаға арнайы билет алынуы керек.
  • Көрермен залына арнайы қоңырау соғылған соң кіру қажет. Қойылымдар үшінші қоңыраудан кейін басталады және сол сәтте көрермен залының есігі жабылады.
  • Үшінші қоңыраудан соң залдағы жүріс тоқталуы қажет. Сондықтан да спектакльге кешікпей келуіңізді өтінеміз.
  • Кешігіп келген жағдайда залға екінші қабат арқылы өтіңіз.
  • Егер билетте көрсетілген орныңыз бос болмаса, жақын маңдағы бос орынға отырыңыз немесе билет тексерушіден көмек сұраңыз.
  • Көрермен залына сырт киіммен кіру және онда бас киіммен отыру өте орынсыз. Ал, қатарлар арасынан арқаңызды сахна, ал жүзіңізді отырғандарға қарата өту жөн.
  • Театрда темекі шекпеуіңізді және залға тағам, сусын алып кірмеуіңізді өтінеміз.
  • Спектакль алдында ұялы телефондарды «дыбыссыз» режимге қою, ал спектакль кезінде залда тыныштық сақтау керек.
  • «Авторлық және аралық құқық туралы» заңдар талаптарына байланысты фото және бейнетүсірілімдер жасауға рұқсат етілмейді.
  • Спектакль аяқталып, сахна шымылдығы жабылғаннан кейін актерлердің көрерменге тағзымға шығатын сәтін күту қажет. Актерлерге, ал, премьераларда спектакль режиссері, суретшісі, т.б. гүл шоқтары да осы кезде ұсынылады.
  • Көрермен залынан үзіліс кезінде және спектакль аяқталған соң шығу керектігін де еске саламыз.


Құрметпен,
Театр әкімшілігі

Стиль мужской одежды
Стиль женской одежды
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy