Театр мұражайы
М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының мұражайы 53 жылдық тарихы бар үлкен тарихи мекен. Қара шаңырақтың ең қымбат құтханасы өз жұмысын 500-ге жуық жәдігермен бастап, бүгінде олардың саны 200 мыңнан асып отыр.

Тұңғыш Ұлт театрында мұндай тарих қоймасының болуы театр көрермендері үшін де, театр тарихы үшін де аса маңызды. Қазіргі күні музей қоры күн сайын толықтырылып отыр. Қорда 30 жылдардан бастап осы күнге дейінгі қойылымдардың фотосуреттері, афишалары, бағдарламалары, өмірден озған театр әртістерінің өмірбаяны, жеке материалдары, қолжазбалары, алған сыйлықтары сақталған. Сонымен қатар, мұражай қорында үлкен портреттер жинағы, 30 жылдардан бастап көптеген спектакльдерде киілген алғашқы сахналық костюмдер сақтаулы. Пьесалар жинақталып, қайта қалпына келтіріліп, тізімі көбейтіліп жатыр. Қазіргі таңда театр реперуарына еніп жатқан қойылымдарды бейнетаспаға түсіру мүмкіндігі де назарда. Музей қорын студенттер, ақпарат қызметкерлері, театртанушылар пайдалануына да жағдай жасалған.

Театр ғимаратының 4-қабатында орналасқан театр мұражайы көрермендерді қуана қарсы алады! Театрдың мол мұрасын жылдан жылға сақтап, кеңейтіп, дәріптеп жүрген мұражай қызметкерлері қойылым алдында мұражайды аралатып, театр тарихымен, экспонаттармен таныстыруға әрқашан дайын.

Сонымен қатар, алдын ала келісім бойынша жекелеген ұжымдарға арнайы кездесулер мен экскурсиялар ұйымдастыру мәселесі де қарастырылған.

Байланыс: 8-727-378-54-80
e-mail: teatrmuzei@mail.ru
Музей қорындағы жәдігерлерді көпшілікке таныстыру мақсатындағы "Жәдігер" жобасын назарларыңызға ұсынамыз.
"Жәдігер"- Еркебұлан Дайыров
КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, актер, режиссер Шәкен Аймановтың Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясындағы Петручио рөлінде киген сахналық киімін актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров таныстырады
"Жәдігер"- Назгүл Қарабалина
Фарида Шәріпованың 1967 жылы көрнекті театр режиссері Әзірбайжан Мәмбетов сахналаған М.Әуезовтың «Қара Қыпшақ Қобыланды» спектакліндегі Қарлыға образы үшін актрисаға арнайы тігілген театр музейі қорындағы сахналық киімін актриса Назгүл Қарабалина таныстырады
"Жәдігер" - Жанель Мақажан
Қазақстандық суретші, Қазақстан, КСРО суретшілер одағының мүшесі Ольга Кужеленконың 1977 жылғы салынған, Халық артисі, актриса Шолпан Жандарбековаға арнаған портретін актриса Жанель Мақажан таныстырады
"Жәдігер"- Азамат Сатыбалды
Актер Әнуар Молдабековтың ұлы режиссер Әзірбайжан Мәмбетов сахналаған "Ваня ағайындағы" Иван Войницкий рөлінде киген киімін актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды таныстырады
"Жәдігер"-Шынар Жанысбекова
Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбекова театр музейінде сақталған Хабиба Елебекованың кимешегін таныстырады
"Жәдігер"-Асан Мәжит
Актер Асан Мәжит Елубай Өмірзақов, Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Қапан Бадыров, Шәкен Айманов сынды өнер майталмандарының иығынан түспей, тұғыры биік тарихи спектакльдердің, ұлттық фильмдердің көркі болған ұлттық нақыштағы шапандар мен ішіктерді таныстырды
"Жәдігер"-Шынар Асқарова
Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Асқарова театр музейінде сақталған Сәбира Майқанованың портретін таныстырды
"Жәдігер"-Дулыға Ақмолда
Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда театр музейінде сақталған Қамал Қармысовтың сахналық киімін таныстырды
"Жәдігер"-Гүлшат Тутова
Актриса Гүлшат Тутова театр музейінде сақталған Бикен Римованың портретін таныстырды
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Қабылдау бөлмесі: 378-54-00
Баспасөз қызметі: 394-65-45, 8-778-312-84-64

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy