«Көрермендермен жұмыс жасау» бөлімінің бақылаушысы
Лауазымдық міндеттері:
  • Көрермендерге мәдениетті және сапалы қызмет көрсету, оларға қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
  • Материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Көрермендерді қабылдау мен қызмет көрсетуге арналған көрермен залының қалыпты жағдайын, тазалық пен тәртібін қамтамасыз етеді.
  • Қонақтармен қарым-қатынас әдебін сақтайды.
  • Вестибюльдерді, фойе мен антрактіге дайындау үшін спектакль басталғаннан кейін, сондай ақ антрактіден кейін басқа орын жайларды жинауды ұйымдастырады.
  • Қосымша шығу орындары мен кезекші жарықтандырғышының түзетілгендігін тексереді.
  • Қойылымдардың дұрыс жарнамалануын, аннотациялардың таратылуын, бағдарламалар мен буклеттердің сатылуын ұйымдастырады.
  • Көрермендерге ғимарат ішіндегі жүріп-тұру бағытын /буфет, әжетхана, көрермен залы, ярустар/ көрсетіп, қажетті сұрақтарға жауап беріп отырады.
  • жұмыс берушінің ішкі күн тәртібі ережелерін орындап отырады.
  • қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстанып отырады.
Білуге тиіс:

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, көрермендерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру ережелері мен әдістерін, қарым-қатынас әдебін, қауіпсіздік техникасы бойынша айырықша талаптарды, еңбекті қорғау ережелерін, театр репертуарын, спектакльдердің мазмұнын;

«Көрермендермен жұмыс жасау» бөлімінің бақылаушысы қызметіне қызметкерлер (қыздар) қабылдаймыз!

Талаптар:
Үш тілді жетік білу;
Бойы 165- 175 см;
Жауапкершілігі жоғары болуы тиіс;
Қабылдау уақыты: 9.10.2020 сағат: 10.00
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы;
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy