Театр шежіресі - 1 бөлім
Биыл 13 қаңтарда ұлт театрының құрылғанына 95 жыл толады. Қазақтың тұңғыш кәсіби театрының тарихына, шежіресіне көз жіберсеңіз, алмағайып кезеңдерді, аумалы-төкпелі жылдарды бастан кешкенін байқайсыз. Десе де, өнер жолында тер төккен барша буын қазақ театрының дамуына, өркендеуіне үлкен үлес қосты. Бүгін біз 95 жылдық тарихты қайта зерделеп, ең маңызды оқиғаларды әр онжылдықтар бойынша жіктеп, оқырманға ұсынып отырмыз. Театр шежіресіне бірге зер салайық.
Театр шежіресі - 2 бөлім
Театрдағы ең айтуы оқиғалардың бірі ретінде 1932-1938 жылдар аралығында Мұхтар Әуезовтің әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істегенін айтуға болады. Ұлы классик әлемге аты әйгілі драматургтердің пьесаларын қазақшаға аударуға бар күшін салды. Сол жылдары өткен әдеби пікірталастың бірінде Мұхтар Әуезов «Шекспирдің таңдаулы пьесасының бірін ағылшыннан қазақ тіліне тікелей тәржіме жасау керек» деген бастама көтергенін сол жылдардағы баспасөзден оқуға болады.
Деректі топтамамыздың бұл бөлімінде қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосқан саңлақтардың еңбектеріне тоқталып өтеміз. Бірге зер салайық.
Театр шежіресі - 3 бөлім
Театрдағы ең айтуы оқиғалардың бірі ретінде 1932-1938 жылдар аралығында Мұхтар Әуезовтің әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істегенін айтуға болады. Ұлы классик әлемге аты әйгілі драматургтердің пьесаларын қазақшаға аударуға бар күшін салды. Сол жылдары өткен әдеби пікірталастың бірінде Мұхтар Әуезов «Шекспирдің таңдаулы пьесасының бірін ағылшыннан қазақ тіліне тікелей тәржіме жасау керек» деген бастама көтергенін сол жылдардағы баспасөзден оқуға болады. Деректі топтамамыздың бұл бөлімінде қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосқан саңлақтардың еңбектеріне тоқталып өтеміз. Бірге зер салайық.
Театр шежіресі - 4 бөлім
1952 жылы Шәкен Айманов қойған «Абай» КСРО Мемлекеттік сыйлығын алуы қазақ театрының даму деңгейінің көрсеткіші еді. Небары 20 жылдан енді асқан тарихы бар театр үшін бұл ерекше қуаныш болды. Құрметті көрермендер, "Театр шежіресі" жобасының төртінші санын назарларыңызға ұсынамыз.
Театр шежіресі - 5 бөлім
1960 жылдар белесі – қазақ руханиятының гүлденген, тұтас ұлт мәдениетінің шытжаңа түлеген кезең саналады. Өйткені, әдебит, театр, сурет, музыка өнерінің майталмандары осы шақта лек-легімен келе бастады. Әдетте, бұл жылдарды «қазақ мәдениетінің алтын дәуірі» деп те атайды. Бөл-жара айтуға тиіс оқиға, театрымыз үшін тарихи шешім – 1961 жылы 10 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрына ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің есімі берілуі болды.
Театр шежіресі - 6 бөлім
1974 жылы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» спектакліне КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Режиссер Әзербайжан Мәмбетов, суретші А.С.Кривошеин және рольдерді орындаушылар Асанәлі Әшімов, Фаридв Шәріпова, Ыдырыс Ноғайбаев сол шақтағы ең беделді сыйлықтың иегері атанды.
Театр шежіресі - 7 бөлім
Кеңес одағы экономикалық тығырыққа тіреліп, саяси өмір құбылған елең-алаң шақта қазақ режисселерінің ізденісі тың тақырыптарға, бұрын айтылмаған яки айтуға тиым салынған оқиғаларға назар аударуы табиғи құбылыс еді. 1980 жылдардың соңында театрдағы тақырыптық, режиссерлік ізденіс ауқымды форматты жүрді. Қазақтың маңдайалды актерлерінің толғанысы бөлек ойындарына тәнті жұрт көбейді...
Театр шежіресі - 8 бөлім
Тәуелсіздік кезеңі - театрдың жаңа тынысы
Театр шежіресі - 9 бөлім
Жаңа ғасырдағы жаңа ізденістер
Театр шежіресі - 10 бөлім
Бүгінгі театр репертуары мен жаңа ізденістері
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Қабылдау бөлімі: 378-54-00
Баспасөз қызметі: 394-65-45, +7 778 312 84 64

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy