Ләйлә Мұратқызы Тілеуова
1994 жылы Ақмола облысы, Зеренді өңірінде дүниеге келген.
2013 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Музыкалық драма театр артисі» мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Люба (украин қызы)
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – Джульетта,
Ф. Дюмануар, А.Д. Эннери «Дон Сезар де Базан» (реж. Ә. Рахимов) – Маритана ару,
Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» (реж. Е.Обаев) - Татьяна, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Ұзақ жол», «Сырластар» және т.б. телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.