Ләззат Әбішқызы Қалдыбекова
Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2015)
1987 жылдың Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Таубай ата ауылында дүниеге келді.
2004-2008 жж. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын «Театр өнері» факультетінен оқып бітірді.
2007 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:

М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Мағыш,
Т. Нұрмағанбетов «Қожанасыр тірі екен» (реж. О. Кенебаев) – Зүлейха,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Ғалия,
И. Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Т. Аралбай, Е. Обаев) – Сағыныш,
Н. Гоголь «Үйлену» (реж. В. Захаров) – Агафья Тихоновна,
Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Бәкей,
М. Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек» (реж. О. Кенебаев) – Кезбе,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?…» (реж. О. Кенебаев) – Нұрғаным,
Н. Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж. Н. Жақыпбай) – Нұргүл,
Қ. Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында (реж. Е. Обаев) – Жанар, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Тәуекел» телехикаясы, «Лотерея» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөл сомдады.