Мейрамбек Еркінұлы Тағанов
О. Байділдаев атындағы V Республикалық патриоттық әндер байқауының бас жүлде иегері (2015), Алматы қала күніне арналған «Күміс көмей, жез таңдай» байқауының «Сері жігіт» номинациясының иегері (2015), «Қазақстан дауысы – 3» тележобасының финалисті (2015), «МузАРТ LIVE» тележобасының финалисті (2016), IV Халықаралық «Звездная расподия» вокалисттер конкурсының «Поющий актер» номинациясы бойынша I орын иегері (2018 ж. Санкт-Петербург)
1992 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында дүниеге келген.
2012-2016 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Музыкалық театр актері» мамандығы бойынша білім алды.
2017 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Шеге,
Т. Уильямс «Сынық қанат періште» (реж. А. Қабдешева) – Джим,
Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Жас жігіт,
Л. Толстой «Анна Каренина» (реж. Е. Обаев) – Театр артисі,
Г.Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А. Кәкішева) – Жасинт, т.б.