Азамат Сатыбалды
Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2002), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014), «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» медалінің иегері.
1977 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды.
2001 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жұмысқа орналасты.

Театрдағы рөлдері:

М.Әуезов «Абай» (реж. Е.Обаев)– Айдар,
М.Әуезов «Қарагөз» (реж. Б.Атабаев)– Нарша,
М.Әуезов «Еңлік–Кебек» (реж. Х.Әмір-Темір)– Кебек,
М.Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә.Рахимов)– Хлыновский,
Д.Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев)– Долгоносов,
Ғ.Мүсірепов «Махаббат дастаны» («Қозы Көрпеш–Баян сұлу», реж. Қ.Сүгірбеков)– Қозы,
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б.Атабаев)– Құмар,
Т.Нұрмағанбетов «Қожанәсір тірі екен» (реж. О.Кенебаев)– Түрікмен,
Т.Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е.Обаев)– Доскел,
Ә. Тарази «Ақын… Періште… Махаббат» (реж. Ә.Рахимов)– Медбрат,
И.Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай)– Ғазиз,
Е.Жуасбек «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» (реж. М.Ахманов)– Коля,
Т.Әбдіков «Ұлы мен ұры» (реж. Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан)– Ұлы,
Р.Отарбаев «Бейбарыс сұлтан» (реж. Ю.И.Ханинга-Бекназар)– Бейбарыс,
Ж.Ерғалиев «Қасқағым» (реж. Е.Нұрсұлтан)– Дәрігер,
Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» (реж. И.Вайткус)– Қорқыт,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев)– Бауыржан,
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» (ауд. Ә.Кекілбаев, реж. О.Салимов)– Тибальт,
Шекспир «Гамлет» (реж. Ю.Ханинга-Бекназар)– Гамлет,
Г.Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р.Андриасян)– Эгмонт Клаузен,
Н.Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. А.Әшімов)– Фархад,
М.Байджиевтің «Қылмысында» (реж. О.Ақжарқын-Сәрсенбек)– Сағын, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Қарсы тексеріс», «Томирис», «Жұлдыздар тоғысқанда», «Дорога домой», «Рекитер-2», «Возмездие», «Парыз», «Одноклассники», «Ғашық жүрек-2», «Жерұйық», «Бақсы», «Саранча», «Бір сен үшін», «Дәрігер Ахметова», «Қара шаңырақ» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy