Айдос Жұмаділдәұлы Бектемір
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)
1950 жылы Қарағанды облысындағы Шет ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген.
1967-1969 жж. республикалық Эстрада-цирк студиясын «Көркемсөз жанры артисі» мамандығы бойынша оқып бітірді.
1978 жылы Мәскеудің Щепкин атындағы Театр училищесін бітірді.
2003жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Ш.Мұртаза «Қызыл жебе», «Сталинге хат» (реж. Р.Сейтметов)– Т.Рысқұлов,
Абай поэзиясы бойынша қойылған «Қалың елім, қазағым» (реж. Б.Атабаев) – Абай,
М.Әуезов «Айман–Шолпан» (реж.Е. Обаев) – Көтібар,
М.Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев)– Оразбай,
М.Әуезов «Еңлік–Кебек»(реж. Х. Әмір-Темір)– Кеңгірбай,
М.Әуезов «Қилы заман»(реж. Ә. Рахимов)– Ақжелке,
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» («Махаббат дастаны»)(реж. Қ. Сүгірбеков)– Қарабай,
Ш.Айтматов «Ана – Жер-ана»(реж. Ә. Мәмбетов)– Сыбанқұл,
Е.Уахитов «Құдалар»(реж.Ә. Рахимов)– Сейтмәлік,
Д.Исабеков «Жаужүрек»(реж.Е. Обаев) –Паң Нұрмағамбет,
Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж.Н. Жақыпбай) – Көрші,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев)– Мафия,
Г.Гауптман «Ымырттағы махаббат»(реж. Р. Андриасян)– Штейниц,
Н.Гоголь «Үйлену» (реж. В. Захаров)– Яичница,
Т.Мурод «Ат жылаған түн»(реж. О.Салимов)– Зиябек,
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О.Салимов)– Граф.

Режиссерлық жұмыстары (республика театрларында):

Ш.Сариев «Мұңым менің»,
І.Жансүгіров «Күйші»,
С.Сейфуллин «Аққудыңайырылуы»,
Т.Драйзер «Аяулы Керри»,
М.Хасенов «Пай-пай, жасжұбайлар-ай».

Кинодағы рөлдері:
«Сібір» («Мос­фильм»), «Құнанбай», «Провинциалды роман» («Қырғызфильм»), «Шоқан Уәлиханов», «Біржан сал» («Қазақфильм»), «Ағайындылар», «Мың бала» («Сатай-фильм»), «Алдар Көсе», «Путь Лидера», «Темір тау», «Отты өзен», «Цунгцванг», «Вкус хлеба» және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.