Бауыржан Есқожаұлы Қаптағай
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013), «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016).
1954 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.
1976-1980 жж. Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын оқып бітірді.
1980 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Р. Сейсенбаев «Түнгі диалог» (реж. Ә.Рахимов) –Қодар,
Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітов «Беу, қыздар-ай» (реж. Ә.Мәмбетов) –Хасен,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б.Атабаев) –Нарша, Жабай,
М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» (реж. Ә.Мәмбетов)–Қазан,
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә.Мәмбетов) –Айдар, Нарымбет, Мес,
М. Әуезов «Еңлік–Кебек» (реж. Ж.Хаджиев)– Есен,
Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» (реж. Ә.Мәмбетов) –Әбейсін,
Б. Римова «Абай–Әйгерім» (реж. Б.Атабаев) – Манас,
М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б.Атабаев)– Асан,
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (реж.Ә.Мәмбетов)– Қодар,
С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә.Рахимов)–Бәтестің әкесі,
С. Торайғыров «Қамар сұлу» (реж. Ә.Рахимов )–Қалтан қажы,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази)–Март,
Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер» (реж. О.Кенебаев)–Жан,
И. Вовнянко «Апат»(реж. Ә.Рахимов)–Жұма,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә.Рахимов) –Барбол,
Қ. Ысқақ пен Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази)–Би,
Т. Әбдіков «Ұлы мен Ұры» (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) қойылымында –Ардагер,
Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» (реж. Б.Атабаев) –Әкім,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев)–Казаков,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А.Кәкішева)–Диуана шал,
Б.Томас «Мен сіздің әпкеңізбін» (реж. Ә.Рахимов) –Брассет,
Ибсен «Қуыршақ үй» (реж. Қ.Сүгірбеков) –Торвальд,
К. Ашир «Қабыл – Адам Ата перзент» (реж. К.Ашир)–Адам,
Н. Гоголь «Пара» (реж. Е.Обаев)–Аммос Феодорович,
Т. Мурод «Ат жылаған түн»(реж. О.Салимов)– аудан басшысы,
Г. Горин «Атың шықпаса…» (реж. Ә.Оразбек) –Клион,
Е. Уахитов «Құдалар» (реж. Ә.Рахимов)–Әбдісалам,
М. Кәрім «Ай тұтылған түн» (реж. О.Кенебаев) –Жалшығұл,
Н. Хикмет «Фархад–Шырын» (реж. Н.Жұманиязов)–Уәзір,
Д. Кобурн «Жынойнақ»(реж. А.Кәкішева)– Веллер Мартин,
О.Бөкей «Қар қызы» (реж. Ж.Жұманбай) – Қоңқай шал, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Соңғы асу», «Махамбет», «Әміре Қашаубаев» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.