Баян Имашева
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)
1941 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Борсықсай ауылында дүниеге келген.
1958-1960 жж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияны оқып бітірді.
1964 жылдан М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етеді.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» (реж. Ә.Мәмбетов)– Құртқа,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Ә. Мәмбетов) – Текті,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» (реж. Ә.Мәмбетов) – Күнікей,
С. Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» (реж. М.И. Гольдблат) – Айжан,
Қ. Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай!»(реж. Ә.Мәмбетов) – Нұрсұлу,
М. Әуезов, Ә. Әбішев «Намыс гвардиясы» (реж. А.Л. Мадиевский) – Валя Панфилова,
Ш. Құсайынов «Үкілі Ыбырай» (реж.Б. Атабаев) – Ұрқия,
А. Сүлейменов «Жетінші палата» (реж. Ә.Рахимов)– медбике Баян,
Ә. Тарази «Күлмейтін комедия»(реж. В.Пұсырманов) – Перизат,
Е. Домбаев «Желіккен жеңгейлер» (реж. Е.Домбаев) – Алма,
Д. Исабеков «Кішкентай ауыл» (реж. С. Асылханов) – Хадиша,
Иран-Ғайып «Шыңғыс хан» (реж.Б. Атабаев) – Бөрте,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейнесі» (реж. Б.Атабаев) – Рақия,
А. Тасымбеков пен Қ. Ысқақ «Кебенек киген арулар» (реж. Б. Атабаев) – Ана,
А.Чехов «Шағала» (реж. Б. Атабаев) – Полина Андреевна,
Б. Жакиев «Жүрейік жүрек ауыртпай…» (реж. Е. Обаев) – Сыпайы әйел,
В. Уахитов «Құдалар» (реж. Ә. Рахимов) – Қадиша,
А. Абдуллин «Ұмытпа мені, күнім»(реж. Р. Сейтметов) – башқұрт қызы Ягда,
М. Әуезов «Түнгі сарын»(реж. С. Елеусізов) – Сәруар,
Б. Римова «Абай–Әйгерім» (реж. Ж.Омаров) – Айғыз.

Кинодағы рөлдері:
«Өмір жолы», «Көшпелілер», «Үзілмеген үміт», «Қазақстан» телеарнасының «Болашақ» сериалы,«Ел арнаның» «Тілашар» бағдарламасы – Мұғалім, және т.б фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy