Бекжан Асаубайұлы Тұрыс
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2004), М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері (2016), «Құрмет» орденінің иегері (2019)
1965 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылында дүниеге келді.
1987 жылы Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын «Театр-кино актері» мамандығы бойынша оқып бітірді.
1990 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Абай» – Көкбай, Сырттан, Баймағамбет (реж. Ә. Мәмбетов), Жиренше (реж. Е. Обаев),
М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Балпық (реж. Ә. Мәмбетов), Жарас (реж. Е. Обаев),
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Х. Әмір-Темір)– Көбей,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов)– Жаңабай, Жәмеңке,
Ж. Аймауытов «Ақбілек» (реж. А. Әшімов)– Сүлеймен,
Ж. Аймауытов «Ғашықтық дерті» (реж. Қ. Сүгірбеков)– Бәймен,
Б. Майлин «Сабатажж!» (реж. Ә. Рахимов)– Мұқыш,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов)– Мүсәпір,
Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Ә. Мәмбетов)– Әбілов,
Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О. Кенебаев)– Исабек,
А. Сүлейменов «Кек» (реж. Ә. Рахимов)– Сері,
А. Сүлейменов «Қыздай жесір – штат қысқарту» (реж. Ә. Рахимов)– Журналист,
Ә. Кекілбаев «Абылай хан» (реж. Б. Атабаев)– Диуана,
Ә. Тәжібаев «Мә-әқабат? Махаббат»(реж. Б.Атабаев)– Жауырыншы,
І. Есенберлин «Ғашықтар» (реж. Қ. Сүгірбеков)– Адам,
Д. Исабеков «Ескі үйдегі екі кездесу» (реж. Ә. Рахимов)– Ертай,
Д. Исабеков «Актриса» (реж. Н. Жұманиязов)– Коммерсант,
Б. Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ. Сүгірбеков)– Цезарь,
Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер» (реж. О. Кенебаев)– Нұрбай,
Қ. Ысқақ «Жан қимақ» (реж. Б. Атабаев)– Жүсіп,
Шахимарден, Қ. Ысқақ «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази)– Әдік,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә.
Рахимов) –Қырманбай,
Т. Нұрмағанбетов «Қожанәсір тірі екен» (реж. О. Кенебаев)– Қожанәсір,
С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» (реж. Ә. Рахимов)– Жолаушы шал,
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е.Обаев)– Шәмші,
Ә. Әмзеұлы «Қара кемпір» (реж. Е. Обаев)– Құрбан,
Ө. Боранбаев «Әңгүдік» (реж. О. Кенебаев)– Шәукен,
Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Е. Обаев)– Шұбараяқ Ораз,
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е.Нұрсұлтан)– Базарбай,
А. Сүлейменов «Адасқақ» (реж. Ә. Рахимов) – Біржан,
У.Шекспир «Асауға – тұсау» (реж. Ә.Мәмбетов)– Слай, Педант,
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О.Салимов)– Лоренцо,
Софокл «Эдип патша» (реж. Ә. Мәмбетов)– Хабаршы,
Мольер «Ақымақ болған басым-ай!» (реж. Ә. Рахимов)– Колен,
А.Чехов «Шағала» (реж. Б. Атабаев) – Яков,
Н. Гоголь «Ревизор» («Пара», реж. Е.Обаев)– Шпекин,
С.Ваннус «Сұлтан болсам егер мен…» (реж. А. Әшімов)– Аркуб,
Е. Уахитов «Құдалар» (реж. Ә.Рахимов)– Дәрігер,
Б.Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е.Обаев)–Қария,
Н.Әбдіқадіров «Шыңғысханның соңғы мұхиты» (реж. Н. Әбдіқадіров) – Жошы,
М. Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек» (реж. О.Кенебаев)– Таубай,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?..» (реж. О. Кенебаев) – Оразбай,
Ә.Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә.Рахимов)– Шәкәрім,
М. Омарова «Ақтастағы Ахико» (реж. А. Маемиров) – Қария.

Кинодағы рөлдері:
«Желадам» (реж. Қ. Ахметов), «Құрақ көрпе» (реж. Р.Әбдрашев), «Махаббат жағалауы», «Алтын алқа» (реж. М.Бидосов) фильмдерінде, «Айналайын» сериалында (реж. Б.Қалымбетов, С.Өтепбергенов) және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.