Гүлнар Хабиқызы Жақыпова
Қазақстанның халық артисі (1998), «Құрмет» орденінің иегері (2013).
1957 жылдың Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.
1974-1978 жж. Алматыдағы Құрманғазы атындағы Өнер институты театр факультетінің актерлік бөлімін оқып бітірді.
2001 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» (реж. Мен Дон Ук)– Баян,
Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастаны»(реж. Қ. Сүгірбеков)–Мақпал,
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов)–Қарлығаш,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев)–Мөржан,
М. Әуезов«Айман–Шолпан»(реж. Е. Обаев)–Теңге,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров)–Қамажай,
И. Сапарбай «Сыған серенада» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай)–Баронесса,
Е. Жуасбек «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!» (реж. М. Ахманов)–Апа,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев)–Ана,
С.Асылбекұлы «Империядағы» кеш» (реж. А. Кәкішева) –Нұрсұлу,
Қ.Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев) –Маруся,
М.Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А.Кәкішева)–Түрік кемпір,
У. Шекспир «Асауға тұсау» (реж. Б. Омаров)–Катарина,
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов)–Сүт ана,
А. Володин «Екі жебе» (реж. Ч. Зулхашев)–Бақа,
М. Каорудың «Шығыстағы бір бейбақ» (реж. Мен Дон Ук)–Кей,
Ш. Башбеков «Шойын қатын» (реж. Е. Жылқышынов)–Ғаламат,
Г.Горин «Атың шықпаса...» («Забыть Герострата», реж. А. Оразбеков)–Эрита,
М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О. Кенебаев)–Елена,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббата» (реж. Р. Андриасян)–Паола Клотильда,
Ф. Буляков «Отыз ұлың болғанша» (реж. Ә. Рахимов)–Ақлима,
Т. Жүженоғлы «Көшкін» (реж. А. Кәкішева)–Кіндік шеше, т.б..
Г.Томский «Аттила мен Аэций» (реж.А.Кәкішева» қойылымында- ???

Кинодағы рөлдері:
«Қозы Көрпеш–Баян сұлу» (реж. Ә. Әшімов), «Ақсұңқар» (реж. М. Бидосов) фильмдерінде, «Айналайын» сериалында, «Әсел және оның достары» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.