Гүлнұр Жүнісбайқызы Шыңғысова
1987 жылдың Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген.
2004-2008жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, «Музыкалық драма театры және кино актері» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2008 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері: М.Әуезов
«Абай»(реж. Е.Обаев)– Мағыш,
И.Сапарбай
«Сыған серенадасы» (реж. Е.Обаев) – Сағыныш,
И.Сапарбай
«Қыз мұңы» (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай) – Сағыныш,
Т.Ахметжан «Сұлу мен суретші» (реж. Н.Жақыпбай) – Сұлу,
Т.Нұрмағамбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж.Е.Обаев)– Айжаңа,
Д.Исабеков
«Жаужүрек» (реж. Е.Обаев) – Балқаш,
Иран-Ғайып
«Мен ішпеген у бар ма?…» (реж.О.Кенебаев) – Хадиша,
Н.Оразалин
«Шырақ жанған түн» (реж.Н.Жақыпбай) – Нұргүл,
М. Омарова
«Көмбе нанның дәмі» (реж. А.Кәкішева) – Шешен әйел,
А.Аламан
«Жүрегімнің иесі»(реж. А. Оспанбаева) – Дариға,
У.Ғаджибеков
«Аршын мал алан» (режиссері Т.әл.Тарази, ауд. Қ.Мұхамеджанов) – Гүлчахра,
Т.Жүженоғлы
«Көшкін» (реж. А.Кәкішева, ауд.О.Қыйқымов) – Келін.