Динара Оңғалбекқызы Ныгметуллина
1995 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында дүниеге келді.
2012 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына оқуға түсіп, оны «музыкалық драма театр артисі» мамандығы бойынша тәмамдады.
2015 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастаны» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Баян,
А. Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А. Маемиров) – Ирина, Лариса,
Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» (реж. И. Вайткус) – Сарын ару,
І. Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А. Какишева) – Гулбахрам,
У. Шекспир «Лир патша» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Корделия,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Бәтес,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Зухра,
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Қарлығаш,
Б. Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е. Обаев) – Немере,
А. Аламан «Жүрегімнің иесі» (реж. А. Оспанбаева) – Жансая,
О.Бөкей «Қар қызы» (реж. Ж.Жұманбай) – Қар қызы,
Шекспир «Гамлет» (реж. Ю.Ханинга-Бекназар) – Офелия,
Иран-Ғайып «Сүйінбай» (реж. М.Ахманов) – Мейіз,
М.Әуезов «Қобланды» (реж. Н.Жақыпбай) – Қарлығаш,
Қ.Ысқақ «Жан қимақ» (реж. Б.Атабаев) – Маша,
Б.Беделхан «Мұқағалимен сырласу» (реж. А.Оспанбаева) – Муза, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Қар қызы», «Мағжан мальчик у окна», «Тамыз», «Ақ құс», «Келінжан», «Q-елі», «Қанатсыз құстар» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.