Kz
En
Дулыға Досмұхамбетұлы Ақмолда
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010).
1971 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келді.
1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын «Театр-кино актері» мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Абай» – Мағауия (реж. Ә. Мәмбетов), Керім (реж. Е. Обаев),
М. Әуезов «Айман-Шолпан» (реж. Е. Обаев) – Жарас,
М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» (реж. Қ.Сүгірбеков) – Әзімбай,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» («Махаббат дастаны», реж. Қ. Сүгірбеков) – Жантық, А. Сүлейменов «Кек» (реж. Ә. Рахимов) – бекзада Сарын,
А. Сүлейменов «Жетінші палата» (реж. Ә. Рахимов) – Рахат,
А. Сүлейменов «Қыздай жесір – штат қысқарту» (реж. Ә. Рахимов) – Дәріс,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т.Әл-Тарази) – Спаргапис,
Шахимарден мен Қ. Ысқақ «Қазақтар» (реж. Т.әл-Тарази) – Мойынсыз,
Т. Ахметжан «Сұлу мен суретші» (реж. Н. Жақыпбай) – Суретші,
Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О. Кенебаев) – Мәмбет,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Троицкий,
С. Асылбекұлы «Империядағы» кеш» (реж. А. Кәкішева) – Тойболды,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Фонов,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?…» (реж. О. Кенебаев) – Күнту,
Т.Әбдіков «Ұлы мен ұры» (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) – Ұры,
Ғ.Есім «Таңсұлу» (реж. А. Кәкішева) – Бақсы,
Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» (реж. Й.Вайткус) – Қорқыт,
М. Омарова «Ақтастағы Ахико» (реж. А. Маемиров) – Ахико,
У.Шекспир «Асауға – тұсау» (реж. Ә. Мәмбетов) – Горацио,
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – Ромео,
У.Шекспир «Лир патша» (реж. Е.Нұрсұлтан) – Лир патша,
К. Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т. әл-Тарази) – Бригелла,
Н. Гоголь «Ревизор» («Пара», реж. Е. Обаев) – Хлестаков,
Н. Гоголь «Үйлену» (реж. В. Захаров) – Кочкарев,
А. Чехов «Шағала» (реж. Б. Атабаев) – Треплев,
Кафка «Құбылыс» (сахналық нұсқа Е. Аманшаев, реж. Қ. Сүгірбеков) – Грегор Замза,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Ганфельд,
М. Кәрім «Ай тұтылған түн» («Күнәһар», реж. О. Кенебай) – Диуана,
Т. Жуженоғлы «Көшкін» (реж. А. Кәкішева) – Жігіт,
Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасында (реж. Д.Жұмабай) – Едіге, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Қыз жылаған», «Сардар», «Оралман», «Біржан сал», «Егіздер», «Ақсұңқар», «Мағжан» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.