Ерлан Әбділдаұлы Біләл
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007), Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы (2008), «Құрмет» орденінің иегері (2016)
1971 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Керім,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Ә. Мәмбетов) – Сырым,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ж. Хаджиев) – Кебек,
М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Е. Обаев) – Әлібек,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Абай,
М. Әуезов «Қилы заман» (сахналық нұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов) – Ұзақ батыр,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Балуан Шолақ,
Б. Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е. Обаев) – қарияның ұлы,
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Шәмші,
И. Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – генерал,
Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастаны» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», реж. Қ. Сүгірбеков) – Қозы,
Д. Амантай «Сәлеметсің бе, Қоңыр мұң» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Қаранар,
Б. Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ. Сүгірбеков) – жас жігіт,
Ш. Құсайынов «Үкілі Ыбырай» (реж. Б.Атабаев) – Ыбырай,
Қ. Ысқақ «Жан қимақ» (реж. Б. Атабаев) – Сұлтанмахмұт,
Ә. Тарази «Ақын… Періште…Махаббат…» (реж. Ә. Рахимов) – Ақын,
М. Ғапаров «Тұзды шөл» (реж. Т.Әл-Тарази) – Темір,
Қ. Ысқақ, Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Мұхаммед Шайбани,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?..» (реж. О. Кенебаев) – Құнанбай,
У.Шекспир «Асауға – тұсауында» (реж. Ә. Мәмбетов) – Грумио,
К.Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т. әл-Тарази) – Калаф,
А. Чехов «Шағала» (реж. Б. Атабаев) – Треплев,
Н. Гоголь «Ревизор» («Пара», реж. Е. Обаев) – Бобчинский,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Ганефельд,
Н. Хикмет «Фархад-Шырын» (реж. А. Әшімов) – Уәзір,
Ү. Гаджибеков «Аршын мал алан» (реж. Т. Әл-Тарази) – Әскер,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Вершинин,
У. Шекспирдің «Отелло» трагедиясында (реж. Н.М. Птушкина) – Отелло, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Біржан сал», «Сіз кімсіз, К. мырза?» , «Балалық шағымның аспаны», «Ата-жұрт» т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy