Жансұлтан Жалғасұлы Қонысбай
1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2014-2018жж. жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Театр және кино артисі» мамандығын тәмамдады.
2018 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Қобыланды» (реж. Н. Жақыпбай) – Қараман,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә. Рахимов) – Нарбол,
Г.Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А. Кәкішева) – Елші,
Л. Толстой «Анна Каренина» (реж. Е. Обаев) – Камердинер,
И. Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Бармен, т.б. театр қойылымдарындағы көпшілік сахнасында.

Кинодағы рөлдері:
«Кейкі мерген», «Тар заман», «Өмірдастан – Ақылдың кілті 2», «Бізбен бірге» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.