Жұмағали Паринбекұлы Маханов
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (1994), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» (2006), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017)
1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген.
1979-1983 жж. Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет өнері институтының «Театр және кино» факультетін оқып бітірді.
1983 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Е. Обаев) – Қортық шал,
М. Әуезов «Қилы заман» (сахналық нұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов) – түрме бастығы,
М. Әуезов «Еңлік-Кебек» (реж. Х. Әмір-Темір) – Кенбай,
Ә. Рахимов «Қылмыскерге куәлік» (реж. Ә. Рахимов) – Боян,
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (реж. Ә. Рахимов) – Қожа,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» (реж. А. Әшімов) – Ақылбай,
Е. Домбаев «Желіккен жеңгейлер» (реж. Ә.Мәмбетов) – Мақай,
Д. Исабеков «Кішкентай ауыл» (реж. С. Асылханов) – Мүтән,
М. Әуезов «Дос – бедел дос» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Махмуд,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә.Рахимов) – Жарбол,
Т. Нұрмағанбетов «Сан-Францискодан келген бұлт» (реж. Ә.Рахимов) – Еркін,
А. Сүлейменов «Төрт тақта – жайнамаз» (реж. Ә.Рахимов) – Черчение,
А. Сүлейменов «Жетінші палата» (реж. Ә.Рахимов) – Виктор,
А. Сүлейменов «Қыздай жесір – штат қысқарту» (реж. Ә.Рахимов) – Еркін,
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» (реж. Ә.Рахимов) – Жолаушы шал,
Ә. Тарази «Ақын…Періште… Махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Асау жігіт
М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б.Атабаев) – абитуриент,
Қ. Ысқақ «Жан қимақ» (реж. Б. Атабаев) – Ши мойын,
Қ. Ысқақ, Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Әдік,
Ө. Боранбаев «Әңгүдік» (реж. О.Кенебаев) – Гриша,
Т. Нұрмағамбетов «Қожанәсір тірі екен» (реж. О. Кенебаев) – Түрік,
Д. Исабеков «Мұрагерлер» (реж. О. Кенебаев) – комиссия мүшесі,
Т. Әбдіков «Ұлы мен Ұры» (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) – оператор
Ж. Ерғалиев «Қасқағым» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Шахан,
И. Вовнянко «Қаза мен жаза» (реж. А. Әшімов) – Сот,
І. Есенберлин «Алмас қылыша» (реж. А. Кәкішева) – Құба би,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Кәріс шал,
М. Булгаков «Жендеттер» (ауд. А. Сүлейменов, реж. В. Мажурин) – Паж,
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. О. Салимов) – Бенволио,
У.Шекспир «Асауға – тұсау» (реж. О.И. Пыжова және Б.В. Бибиков) – Бьянделло,
Ш. Айтматов «Ақ кеме» (реж. Ә. Мәмбетов) – бала,
Ш. Айтматов «Ана – Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Жайнақ,
И. Саввин, Ж. Тәшенов «Ескерткіш» (реж. Ә. Мәмбетов) – Гринька,
Е. Замятин «Еділ патша» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Ю. Коненкин) – Дихан,
Е. Шварц «Қар ханым» (ауд. А. Сүлейменов, реж. Ә. Рахимов) – Кай,
Н. Абдықадыров «Шыңғысханның соңғы мұхиты» (реж. Н. Абдықадыров) – Шыңғысхан,
Н. Хикмет «Фархад-Шырын» (реж. А. Әшімов) – Дәруіш
А. Володин «Мыңжылдық арман» (реж. С. Асылханов) – қалқанқұлақ, К. Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т. әл-Тарази) – Труффальдино,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Ферапонт,
У. Шекспир «Отелло» (реж. Н. Птушкина) – 5-ші офицер,
У. Шекспирдың «Лир патша» трагедиясында (сахналық нұсқа: М. Омарова, реж. Е. Нұрсұлтан) – Сайқымазақ.

Кино рөлдері:
«Көріпкел» (реж. А.Қарпықов), «Жол», «Қарама-қарсы тексеріс» (Д. Қожақанов), «Ай кратері жиегі» (реж. С. Баймұханов), «Жел қызы» (реж. Ж. Пошанов) «Айналайын (реж. Б. Қалымбетов), «Болашақ» сериалы (реж. С. Өтепбергенов), «Біржан сал» (реж. Д. Жолжақсынов), «Дорога к матери» (реж. А. Сатаев) және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.