«Мәдениет саласының үздігі» (2017)
1978 жылдың Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Тауағаш ауылында дүниеге келді.
1995-1999 жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын «Драма және кино актері» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2009 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері: М. Әуезов
«Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Ана,
Т. Нұрмағанбетов
«Қожанасыр тірі екен» (реж. О. Кенебаев) – Әмина,
М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О. Кенебаев) – Елена,
Д. Исабеков
«Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Балқаш,
С. Асылбекұлы
«Империядағы» кеш» (реж. А. Кәкішева) – Ұлжалғас Көпбайқызы,
Н. Гоголь
«Үйлену» (реж. В. Захаров) – Агафья Тихоновна,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев) – кемпір,
М. Кәрім «Ай тұтылған түн» (реж. О.Кенебаев) – Таңқабике,
Иран-Ғайып
«Мен ішпеген у бар ма?» (реж. О. Кенебаев) – Әйгерім,
Ж. Ерғалиев «Қасқағым» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Полицей,
Ғ. Мүсірепов
«Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Қамқа,
А. Сүлейменовтің «Адасқақ» қойылымында (реж. Ә. Рахимов) – Әпіш, т.б.
Кинодағы рөлдері: «Оңаша арал», «Жетімдер», «Базарбаевтар отбасы», «Үй болу қиын», «Жедел жәрдем», «Құдалар», «Абзал жан», «Адель», «Замуж в 30», «Әкім» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.