Қуаныш Ғалиұлы Бейсағалиев
1993 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылында дүниеге келді.
2012 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша білім алды.
2015 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:

А. Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А. Маемиров) – Валера,
І. Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А. Кәкішева) – Бұрындық,
Т. Әбдіков «Ұлы мен ұры» (реж. Е. Обаев) – Шәкірт,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Серікбай,
У. Шекспир «Гамлет» (реж. Ю. Ханинга-Бекназар) – Қабірші,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Ауылбасының ұлы,
М. Әуезов «Қобыланды» (реж. Н. Жақыпбай) – Қазан,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Бүркіт,
О. Бөкейдің «Қар қызында» (реж. Ж. Жұманбай) – Нұржан, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Жаным менің», «Қазақ батырлары», «Красный уровень», «Алмасай», «Құсайыновтар», «Өмір жолы» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.