Ләззат Әбішқызы Қалдыбекова
Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2015)
1987 жылдың Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Таубай ата ауылында дүниеге келді.
2004-2008 жж. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын «Театр өнері» факультетінен оқып бітірді.
2007 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері: М. Әуезов
«Абай» (реж. Е. Обаев) – Мағыш,
Т. Нұрмағанбетов
«Қожанасыр тірі екен» (реж. О. Кенебаев) – Зүлейха,
Д. Исабеков
«Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Ғалия,
И. Сапарбай
«Қыз мұңы» (реж. Т. Аралбай, Е. Обаев) – Сағыныш,
Н. Гоголь
«Үйлену» (реж. В. Захаров) – Агафья Тихоновна,
Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Бәкей,
М. Сәрсеке
«Тендерге түскен келіншек» (реж. О. Кенебаев) – Кезбе,
Иран-Ғайып
«Мен ішпеген у бар ма?…» (реж. О. Кенебаев) – Нұрғаным,
Н. Оразалин
«Шырақ жанған түн» (реж. Н. Жақыпбай) – Нұргүл,
Қ. Мұраттың
«Бақыт кілті» драмасында (реж. Е. Обаев) – Жанар, т.б.
Кинодағы рөлдері: «Тәуекел» телехикаясы, «Лотерея» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөл сомдады.