Майра Аманбайқызы Абсадықова
1990 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2010-2014 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Драма театры және кино актері» мамандығы бойынша білім алған.
2014 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
И. Вовнянко «Қаза мен жаза» (реж. А. Әшімов, С. Асқаров) – Әсел,
М. Әуезов «Қобыланды» (реж. Н. Жақыпбай) – Құртқа,
А. Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А. Маемиров) – Лариса,
О. Бөкей «Қар қызы» (реж. Ж. Жұманбай) – Қолшатырлы қыз,
Д. Исабеков «Жүз жылдық махаббат» (реж. А. Кәкішева) – Гүлсім,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» драмасында (реж. А. Кәкішева) – Гүлжамал,
Т. Әбдіковтің «Ұлы мен ұрысында» (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) – Журналист қыз, т.б.