Назгүл Әдиетқызы Қарабалина
«Платиналы Тарлан» сыйлығының (2002), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2010), «Құрмет» орденінің иегері (2016), «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016)
1978 жылдың Орал облысы, Ақжайық ауданы, Шолохов атындағы ауылда дүниеге келген.
1993-1997 жж. Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищесінде оқыды.
1997-2000 жж. Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқыды.
2001 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Ә. Мәмбетов) – Шолпан,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Ажар,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Баян,
С. Мұқановт «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Бәтес,
Ә. Тарази «Ақын… Періште… Махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Періште,
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев) – Изольда,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – Айжаңа,
Т. Ахметжан «Сұлу мен суретші» (реж. Н. Жақыпбай) – Сұлу,
Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О. Кенебаев) – Гүлжан,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» (реж. О. Кенебаев) – Әйгерім,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Нарышкина,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Инкен,
Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. А. Әшімов) – Мехменебану,
Т. Жүженоғлы «Көшкін» (реж. А. Кәкішева) – Келін,
М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О. Кенебаев) – Оксана,
М. Байджиев «Қылмыс» (реж. О. Сәрсенбек) – Мәриям,
А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Маша.

Кинодағы рөлдері:
«Дүние жарық», «Құрақ көрпе», «Үйректің жүрегі», «Махамбет», «Ауылым – әнім» фильмдерінде, «Періште» телесериалында және ресейлік «Мангазияға жол» фильмінде рөлдер сомдады.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy