Нүкетай Мышбаева
«Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» (1976), азақстанның халық артисі (1991), «Парасат» ордені (2010), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016).
1936 жылы Алматы облысы Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданында дүниеге келді.
1954-1959 жж. Құрманғазы атындағы Консерваторияның театр бөлімін оқып бітірді.
1959 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Айсұлу,
Ә. Тәжібаев «Той болар» (реж. Ә. Мәмбетов) қойылымында – Айбала,
Қ. Мұхамеджанов «Құдағи келіпті» (реж. Ә. Мәмбетов) – Марфуға,
Ә. Тәжібаев «Майра» (реж. Б. Омаров) – Майра,
Ә. Нұрпейісов «Қан мен тері» (реж. Ә. Мәмбетов) – Ақбала,
Ш. Құсайынов «Алдар Көсе» (реж. Ә. Рахимов) – Меңсұлу,
М. Әуезов «Түнгі сарын» (реж. С. Елеусізов) – Жүзтайлақ,
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Қарлығаш,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. А.Л. Мадиевский) – Ақбала,
Т. Ахтанов «Күтпеген кездесу» (реж. Ә. Мәмбетов) – Ғалия,
С. Жүнісов «Ажар мен ажал» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Ажар,
А. Сүлейменов «Төрт тақта – жайнамаз» (реж. Ә. Рахимов) – Хатшы әйел,
А. Сүлейменов «Қыздай жесір – штат қысқарту» (реж. Ә. Рахимов) – Ұрқия,
Абай шығармашылығы бойынша сахналанған «Абай десем…» (реж. Б. Атабаев) қойылымында – Ұлжан,
М. Мақатаев «Қош, махаббат!» (реж. Б. Атабаев) – Иіс кемпір,
Б. Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Кейіпкер,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Әйел,
Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә. Рахимов.) – Гүлбарам,
Ш. Айтматов «Ана – Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Әлиман,
Ш. Айтматов «Ақ кеме» (реж. Ә. Мәмбетов) – Бекей,
Ф. Бөлеков «Отыз ұлың болғанша…» (реж. Ә. Рахимов) – Фатима,
Т. Муродтың «Ат жылаған түн» (реж. О. Салимов) – Сұлтан кемпір,
Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. Н. Жұманиязов) – Күтуші кемпір,
Б. Жакиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында…» (реж. Е. Обаев) – Күлегеш әйел.

Кинодағы рөлдері:
«Болашақ» сериалында, «Хабар» телеарнасындағы «Бірлігіміз жарасқан» жобасында және т.б фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy