Нұрғиса Қуанышбайұлы
1993 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген.
2011-2015 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2015 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
І. Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А. Кәкішева) – Қасым,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Полиция бастығы,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Ақеділ,
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Төлеген,
Л. Толстой «Анна Каренина» (реж. Е. Обаев) – Вронский,
Г. Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А. Кәкішева) – Жасинт,
Т.Нұрмағанбетов «Қожанасыр тірі екен» (реж. О. Кенебаев) – Қожанасырдың шөбересі,
М. Әуезовт «Қобыланды» (реж. Н. Жақыпбай) – Шуақ,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә. Рахимов) – Нарбол,
М. Омарова «Ақтастағы Ахико» (реж. А. Маемиров) – Надзиратель,
У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» (реж. О. Салимов, ауд. Ә. Бөпежанова) – Меркуцио, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Алмасай», «Отыңды өшірме», «Жеңімпаз» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.