Омар Жұмабекұлы Қыйқымов
«ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012).
1959 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келді.
1982 жылы М. Әуезов атындағы театр жанындағы студияны бітірді.
1982 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды .

Театрдағы рөлдері:
Ғ. Мүсірепов «Амангелді» – Мұңайтпас,
М. Әуезов «Абай» – Нарымбет, Оразбай (реж. Ә. Мәмбетов), Баймағамбет – (реж. Е. Обаев)
М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Көтібар, Арыстан (реж. Ә. Мәмбетов), Маман (реж. Е. Обаев),
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев) – Жарылғап,
М. Әуезов «Қилы заман» (сахналық нұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов) – Ақжелке,
С. Жүнісов «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» – Сәбит Мұқанов,
О. Бөкеев «Құлыным менің» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Дулат,
Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер– Нұрбай,
Н. Әбуталиев «Өттің, дүние» (реж. Е. Обаев) – Исатай,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Мауытбаев,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Пысықай,
А. Боранбаев «Әңгүдік» (реж. О. Кенебаев) – Қайрақбай,
Д. Исабеков «Актриса» (реж. Н. Жұманиязов) – Ерден,
Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О. Кенебаев) – Досберген,
Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Балтабай,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Балуан Шолақтың әкесі,
С. Асылбекұлы «Империядағы» кеш» (реж. А. Кәкішева) – Сұлтанбек,
Т. Әбдіков «Ұлы мен Ұры» (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) – Жарқынбек,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Казаков,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Ауылбасы,
А. Сүлейменов «Адасқақ» (реж. Ә. Рахимов) – Жанбота,
Ш. Айтматовтың «Ақ кемесінде» – Құлбек,
У.Шекспир«Юлий Цезарь» – Цинна,
М. Булгаков «Жендеттер» (реж. В. Мажурин) – Бутон,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Винтер,
Н. Гоголь «Пара» (реж. Е. Обаев) – Осип,
Н. Гоголь «Үйлену» (реж. В. Захаров) – Яичница,
У.Шекспирд «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – Капулетти,
Б. Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е. Обаев) – Саңырау шал,
Т. Жүженоғлы «Көшкін» (О. Қыйқымов, реж. А. Кәкішева) – Еркек,
А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Чебутыкин.

Кинодағы рөлдері:
«Өгей әке», «Тоғызыншы ұлдан сақтан!», «Қара бала», «Намыс», «Заман-ай», «Махамбет», «Көшпенділер», «Біржан сал», «Ісім ізім», «Қилы заман», «Молықбай қобызшы», «Шығыс жұлдыздары» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.
Т. Жүженоғлының «Көшкін» драмасын, Гогольдің «Үйлену» комедиясын, И. Вовнянконың «Қаза мен жаза» криминалдық драмасын қазақ тіліне аударған.