Салиха Қожақова
«Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016)
1941 жылдың Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді.
1958-1960 жж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияда оқыды.
1960 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезовң «Қара қыпшақ Қобыланды» (реж. Ә. Мәмбетов) – Қарлығаш,
М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Ә. Мәмбетов) – Шолпан,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. А.Л. Мадиевский) – Ақбала,
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Мағыш,
М. Әуезов «Түнгі сарын» (реж. С. Елеусізов) – Мөржан,
Қ. Шаңғытбаев, К. Байсейітов «Беу, қыздар-ай!» мен «Ой, жігіттер-ай!» (реж. Ә. Мәмбетов) – Жансұлу,
Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» (реж. Ә. Мәмбетов) – Қарақат,
Ә. Тәжібаев «Майра» (реж. Б. Омаров) – Айбарша,
Қ. Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» (реж. Ә. Мәмбетов) – Жәмила,
Қ. Мұхамеджанов «Біз періште емеспіз» (реж. Ә. Мәмбетов) – Ана,
Д. Исабеков «Мұрагерлер» (реж. О. Кенебаев) – Райхан,
Д. Исабеков «Кішкентай ауыл» (реж. Ә. Рахимов) – Зейнеп,
А. Сүлейменов «Жетінші палата» (реж. Ә. Рахимов) – Кемпір,
И. Оразбаев «Мен ішпеген у бар ма?» (реж. А. Әшімов) – Нұрғаным,
А. Тасымбеков, Қ. Ысқақ «Кебенек киген арулар» (реж. Б. Атабаев) – Халима,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Қатша,
Н. Гоголь «Үйлену» (реж. Н. Жантөрин) – Дуняша,
Лопе де Вега «Қызғаныштан махаббат» (реж. Ә. Мәмбетов) – Доротея,
М. Метерлинк «Соқырлар» (реж. Б. Атабаев) – Соқыр әйел,
Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. Н. Жұманиязов) – Күтуші әйел,
Ш. Айтматов «Ана – Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Әлиман,
С. Ахмадт «Келіндер көтерілісі» (реж. Р. Сейтметов) – Луфти,
С. Ахмад «Күйеу» (реж. Р. Сейтметов) – Рахима,
Ф. Буляков «Отыз ұлың болғаншасында» (реж. Ә. Рахимов) – Бибіхан,
Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай…» (реж. Е. Обаев) драмасында – Сыпайы әйел.

Кинодағы рөлдері:
«Менің атым Қожа», «Ән қанатында», «Долана», төрт сериялы «Шоқан Уәлиханов», «Бес ағайынды» және т.б фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy