Шерхан Әуезханұлы Пірназаров
1992 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келген.
2012-2016 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Драма театр және кино актері» мамандығы бойынша білім алды.
2017 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Әскери,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Қозы,
М. Әуезов «Қобыланды» (реж. Н. Жақыпбай) – Қобыланды,
О. Бөкей «Қар қызы» (реж. Ж. Жұманбай) – Бақытжан,
Д. Исабеков «Жүз жылдық махаббат» (реж. А. Кәкішева) – Надзиратель, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Асыл арман», «Жүрек сыры», «Жүрек сыры-2», «Рауза», «Сарбаз», «Мәдениет үйі», «Отыңды өшірме», «Карантин», «Көкжал-2» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.