Шынар Жеңісқызы Жанысбекова
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016).
1969 жылдың Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылында дүниеге келді.
1990 жылы Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтын «Театр және кино актрисасы» мамандығы бойынша бітірген.
1991жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Ажар,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ж. Хаджиев) – Еңлік,
Б. Брехт «Тоғышардың тойы» (реж. Б. Атабаев) – Әпке,
М. Кәрім «Ай тұтылған түнінде» («Күнәһар», реж. О. Кенебаев) – Шафақ,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Кәмила, Гаухар,
Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастаны» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Мақпал,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Қалиса,
Қ. Ысқақ «Жан қимақа» (реж. Б. Атабаев) – Бағила,
Ш. Құсайынов «Үкілі Ыбырайа» (реж. Б. Атабаев) – Хакима,
М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б. Атабаев) – Айша,
В. Смехов «Мың бір түн» бойынша қойылған «Әли баба және қырық қарақшы» мюзиклінде (реж. Т. Аралбай) – Зейнаб,
Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Мехри ханум,
Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер» (реж. О. Кенебаев) – Сайра,
И. Сапарбаев «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбаев) – Изольда,
Ә. Әмзеұлы «Қара кемпір» (реж. Е. Обаев) – Қали,
Иран-Ғайып «Мен келемін» (реж. Қ. Қасымов) – Ақмұнар,
Б. Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е. Обаев) – Келін,
Е. Жуасбек «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!» (реж. М. Ахманов) – Айка,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Наталья Ивановна,
Р. Отарбаев «Бейбарыс сұлтан» (реж. Ю. Ханинга-Бекназар) – Фатима,
Ж. Ерғалиев «Қас қағымында» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Тамара,
Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» (реж. Й. Вайткус) – Жаналғыш ажал,
И. Вовнянко «Қаза мен жаза» (реж. А. Әшімов, С. Асқаров) – Шапиға,
А. Володинң «Қоштасқым келмейді» (реж. А. Маемиров) – Козлова,
Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Аягөз.

Кинодағы рөлдері:
«Қазақы оқиға», «Қыз жылаған», «Жол сәулесі» , «Қара шаңырақ», «Залалсыздандырушы», «Мент», «Аманат», «Ақсұңқар», «Тақиялы періште - 2» фильмдерінде, сондай-ақ «Айналайын», «Жас ұлан», «Арман қала – Астана», «Әке», «Судағы із», «Әпке», «Іңкәр жүрек», «Талан», «Мұздағы алын», «Абзал жан», «Әке» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт әзірленді: Woxy