Дарын Оңласынұлы Шыныбек
1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір қаласы, Екпінді ауылында дүниеге келген.
2009-2013 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Музыкалық театр актері» мамандығы бойынша оқып шықты.
2013 жылы Б.Омаров атындағы «Жас сахна» театрының, кейін «Қазақконцерт» МҚҰ «Астана Мюзикл» мемлекеттік театрының актерлік құрамында жұмыс атқарды.
2018 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
И.Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Абзал,
Г.Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А. Кәкішева) – Эллак,
М.Әуезов «Қобыланды» (реж. Н. Жақыпбай) – Хабаршы, т.б.
театр қойылымдарындағы көпшілік сахнасында