Kz
En
Ажарлым Мағзұмқызы Бақытжанова

1987 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
2006 жылы Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжіне «артист» мамандығына оқуға түсіп,
2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білімін жалғастырады.
2013 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамын қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Ғ.Есім «Таңсұлу»(реж. А.Кәкішева) – Таңсұлу,
Д.Исабеков «Жүз жылдық махаббат» (реж. А.Кәкішева) – Мадина,
Ш.Мұртаза «Ай мен Айша»(сахналық нұсқа: Е.Жуасбек, реж. Т.әл-Тарази) – Айдай,
И.Вовнянко «Қаза мен жаза» (ауд. О.Қыйқымов, реж. А.Әшімов, С.Асқаров) – Әсел,
У.Шекспир «Отелло» (ауд. М.Әуезов, сахналық нұсқа: Ә.Бөпежанова, реж. Н.Птушкина) – Музыкант,
И.Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е.Обаев) – Сағыныш,
И.Сапарбай «Қыз мұңы»(реж. Е.Обаев) – Қарагөз,
Р.Отарбаев «Бейбарыс сұлтан» (реж. Ю.Ханинга-Бекназар) – Пұлжетпес,
Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж. Н.Жақыпбай) – Қыз,
А.Володин «Қоштасқым келмейді...»(реж. А.Маемиров) – Беляева, Судья,
І.Есенберлин «Алмас қылыш»(реж. А.Кәкішева) – Гүлбаһрам патшайым,
Д.Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е.Обаев) – Марфа,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А.Кәкішева) – Люба (украин қызы),
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж.Е.Нұрсұлтан) – Дүрия,
Д.Исабеков «Жүз жылдық махаббат» (реж. А.Кәкішева) – Мадина,
Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә.Рахимов) – Шүйкетай,
М.Әуезов «Қобыланды» (реж. Н.Жақыпбай) – Қарлығаш,
Л.Толстой «Анна Каренина» (реж. Е.Обаев)– Бетси Тверская,
Г.Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А.Кәкішева)– Ганория,
Р.Куни «Мани-мани» (реж. Е.Нұртазин) – Джейн Перкинс,
Т.Нұрмағанбетов «Қожанасыр тірі екен» (реж. О.Кенебаев) – Фәрзана,
С.Асылбекұлы «Империядағы кеш» (реж. А.Кәкішева) – Сәния, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Қарлығаш ұя салғанда», «Өсиет», «Егіз ғұмыр», «Алдар көсе», «Жизнь после», «Соңғы үміт», «Жараланған жүректер», «Достар серті», «Күн сақшылары» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.