Гүлжан Жарылқасынқызы Әспетова
Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі (1981), Қазақстанның Халық артисі (1993), Кеңес Одағының «Құрмет» ордені (1984), «Құрмет» ордені (2011), «Еңбек ардагері» медалі (2015), Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері (2016), Астанадағы Қазақ ұлттық Өнер университетіның профессоры.
1946 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген.
1963-1967 жж. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының Театр бөлімінде Театр-кино актері мамандығы бойынша оқыды.
1967 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
1999 жылдан Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы.
2018 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қайта қабылданды.

Сахнадағы негізгі рөлдері:
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында:
Д.Исабеков «Кішкентай ауыл» (реж. С.Асылханұлы) - Ардақ,
Д.Исабеков «Ескі үйдегі екі кездесу» (реж. Ә.Рахимов) – Зейнеп,
Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейтов «Ой, жігіттер-ай», «Беу, қыздар-ай!» (реж. Ә.Мәмбетов) – Кнүсұлу, Фриш «Донжуанның думаны» (реж. Ә.Мәмбетов)– Донна Анна,
М.Әуезов «Қарагөз» (реж. Ә.Мәмбетов ) – Қарагөз,
М.Әуезов «Еңлік-Кебек» (реж. Ж.Хаджиев) - Еңлік,
М.Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» (реж. Ж.Хаджиев ) - Құртқа,
Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» (реж. Ә.Мәмбетов) - Жәмила,
Қ.Мұқашев «Дала балладасы» (реж. Қ.Жетпісбаев) - Мақпал,
О.Бөкеев «Құлыным менің» (реж. Қ. Жетпісбаев) - Анар,
Т.Ахтанов «Ант» (реж. Ә.Мәмбетов) - Бәтимә ханым,
Н.Хикмет «Фархад-Шырын» (реж. Н.Жуманиязов) – Мехмене-бану,
Л.Дюрко «Электра» (реж. Р.Сейтметов) - Электра,
Софокл «Эдип патша» (реж. Ә.Мәмбетов) - Иокаста,
Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Д.Жұмабаева) - Найман-Ана, т.б.
Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының сахнасында:
Ш. Айтматов «Ана – Жер ана» (реж. Ә. Оразбеков) – Толғанай,
Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Ә. Мәмбетов) – Найман ана,
Ә. Сарай «Балуан Шолақ» (реж. Н. Жұманиязов) – Балуаның анасы,
Ф. Буляков «Күйеуге шыққан кемпірлер» (реж. Б. Ұзақов) – Фатима,
В. Дельмар «Баянсыз бақ» (реж. Н. Жұманиязов) – Люси Купер,
Дж. Патрик «Қымбатты Памела» (реж. Ю. Ханинга-Бекназар) – Памела,
Т. Джюдженоглу «Көшкін» (реж. Ә. Оразбеков) – Бәйбіше
Ұ. Есдәулет «Зере» (реж. Н. Жақыпбай) – Зере, және т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Несібелі», «Тоғызыншы ұлдан қорық», «Жау», «Киттер кеткенде» (Мосфильм), «Ақ бақсы» (Мосфильм), «Еңлік – Кебек» телефильмдерінде басты рөлдерді сомдады.
Address: Almaty, Abay Avenue,
103, Baizakov STR., 050008
Cash register: 378-53-85
Press service: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Mukhtar Auezov Kazakh State Academic Drama Theater
The site is developed: Woxy