Жандарбек Алайдарұлы Садырбаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2010). Бірінші Президент қоры сыйлығының иегері, «Құрмет» ордені (2016).
1977 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданында дүниеге келген.
1994-1998 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Театр факультетінде «Театр және кино актері» мамандығы бойынша оқыды.
1998 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев ) – Сырым,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ж. Хаджиев) – Есен,
М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Ә. Мәмбетов) – Балпық,
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Көпбай,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов ) – Түнқатар,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Еркін,
Шахимарден, Қ. Ысқақ «Қазақтар» (реж. Т. Жаманқұлов) – Қазақ,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. Жаманқұлов) – Ардашир,
М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б. Атабаев) – Айбар,
Ө. Боранбаев «Көкбөрі» (реж. Б. Атабаев) – Байшаур,
Ә. Тарази «Ақын… Періште… Махаббат…» (реж. Ә. Рахимов) – Дүниенің тұтқасы,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Сұлтан,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Троицкий,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – Бизнесмен,
Б. Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Иса,
С. Асылбекұлы «Күзгі романс» (реж. Ә. Рахимов ) – Әлібек,
С. Асылбекұлы «Империядағы» кеш» (реж. А. Кәкішева) – Айдар Сейтқалиұлы,
Т. Мәмесейітов «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Түнқатар,
Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Мейірбек,
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев) – Абзал,
Ә. Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – Қарасартов,
Ш. Мұртаза «Ай мен Айша» (реж. Т. Жаманқұлов) – Бастық,
У.Шекспир «Гамлет» (реж. Ю.И. Ханинга-Бекназар) – Гильденстерн,
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – граф Парис,
Ш. Айтматов «Ана – Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Майсалбек,
Р. Белецкий «Желіккен жастар» (реж. А. Сарбасов) – Мақсат,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андреасян) – Обербургомистр,
Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. Н. Жұманиязов) – Бас ұста,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (реж. Р. Андреасян, А. Кәкішева) – Андрей,
А. Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А. Маемиров) – Шумилов, т.б.

Кинодағы рөлдері: «Сардар» фильмінде – Бекзада (реж. Б. Қалымбетов, 2002), «Біржан салда» – Сал (реж. Д. Жолжақсынов, 2009), «Болашақта» – учаскелік милиционер (реж. С. Тәуекелов), «Айналайында» – учаскелік милиционер (реж. А. Сатаев) және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Дала – думан» фольклорлық бағдарламасына жүргізуші ретінде қатысты.