Kz
En
Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қазақ КСР-нің халық артисі (1976), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1994), «Еңбек Қызыл ту», «Парасат» (1996), «Отан» (2008), «1-дәрежелі «Достық» (2016) ордендерінің, «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің иегері.
1936 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында дүниеге келді.
1955-1959 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық консерваториясының театр факультетінде Актер мамандығы бойынша оқыды.
1960 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (реж. Ә. Мәмбетов) – Жантық,
Ә. Тәжібаев «Майра» (реж. Б. Омаров) – Дүрбіт,
З. Шашкин «Жаяу Мұса» (реж. Е. Обаев ) – Жаяу Мұса,
А. Островский «Жазықсыз айыптылар» (реж. А. Пашков) – Муров,
Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесуі» (реж. Ә.Мәмбетов) – Исабек,
О. Бодықов «Дала тұтқыны» (реж. Р. Сейтметов) – Достоевский,
Т. Ахтанов «Ант» (реж. Ә. Мәмбетов ) – Әбілхайыр хан,
Н. Гоголь «Ревизор» (реж. Е. Обаев) – Дуанбасы,
Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» (реж. Ә. Мәмбетов) – Сүйеу,
Ә. Тарази «Жолы болғыш жігіті» (реж. Р. Сейтметов ) – Асан,
Д. Исабеков «Тыныштық күзетшісі» (реж. С. Асылханов) – Демесін,
А. Чехов «Сүйікті менің ағатайым» (реж. Ә. Мәмбетов) – Серебряков
А. Сүлейменов «Төрт тақта – жайнамаз» (реж. Ә. Рахимов) – Әбдінәсім шал,
Д. Исабеков «Ескі үйдегі екі кездесу» (реж. Ә. Рахимов) – Айтөре,
Б. Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Әли,
М. Ғапаров «Тұзды шөл» (реж. Т. әл-Тарази) – Президент,
К. Ашир «Қабыл – Адам ата перзенті» (реж. К. Ашир) – Ібіліс,
М. Байсеркенов «Абылайханның ақырғы күндері» (реж. М. Байсеркенов) – Бұқар жырау,
Ф. Буляков «Отыз ұлың болғанша» (реж. Ә. Рахимов) – Абдулла
Б. Жакиев «Жүрейік жүрек ауыртпай…» (реж. Е. Обаев) – Қария
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Мағауия,
Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-анасында» (реж. Ә. Мәмбетов) – Майсалбек

Кинодағы рөлдері:
«Біржан сал», «Көшпенділер», «Жамбыл», «Абай» және т.б фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.