АЙ МЕН АЙША
/ драма /


"Ай мен Айша" және "Мылтықсыз майдан" шығармаларының негізінде жазылған драманың авторы: Е.Жуасбек
Ұзақтығы: 2сағат 15 минут
Жас санаты: 12+
Премьерасы: 11 сәуір 2015 жыл


Қоюшы-режиссер – Тұңғышбай әл-Тарази, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Режиссердің ассистенті – Г.Жақыпова, Қазақстанның халық артисі
Қоюшы-суретшісі – М.Сапаров
Киім үлгісінің суретшісі – Б.Әбдіманапова
Композиторы – Ш.Базарқұлова
Хореграф – Г.Мұхамеджанова
Пластикалық композиция – Г.Бахарова
Режиссердің көмекшісі – Ү.Сейтімбет
Спектакль жазушы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі бойынша Еркін Жуасбек жазған драма бойынша қойылды.
Сонау сұрапыл соғыс жылдары майданның барлық ауыртпалығын елде бастан кешкен ауыл адамдары, соның ішінде – «халық жауы» атанып, айдауда дүние кешкен отағасының аманаты – үш балапанын қалайда аман-есен жетілдіруді мақсат еткен Айшаның отбасы бейнеленеді. Алапат соғыс, ел ішінде де аштық, шарасыздық. Жау жағадан алғанда соғыстан бой бұғып қалған қорқаулар етектен тартқылап, осы аласапыранда қарлығашша шырылдаған Айша жанталасып, тіршілік үшін күресуде. Бұл – жалғыз Айшаның тағдыры емес, ел тағдыры. Елдің өшпес өршіл рухы бұл жолы да жасампаз. Спектакль – жеңіс үшін, өмір-тіршіліктің жалғасы үшін тылда жан аямай еңбек еткен барлық Ана мен баланың, кейуаналар мен ақсақалды аталардың ерен ерлігіне тағзым.

РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР
Барысхан
Е.Тұрысов
М.Мұхтарұлы
Нұрперзент
Е.Бектасов
М.Мұхтарұлы
Айдай
С.Реал-Бланко
А.Бақытжанова
Тотия
А.Өмірова
Қамқа
Г.Жақыпова
Қазақстанның Халық артисі

А.Сатыбалдиева
Айша
Дәрия Жүсіп
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Баян Қажынәбиева
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
Тасбет
Жандарбек Садырбаев
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
Қалпе
Үсіпхан Сейтімбет
"Құрмет" орденінің иегері

Ж.Әміров
"Құрмет" орденінің иегері
Мұртаза
Ж.Толғанбай
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Мамай
Айдос Бектемір
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тұңғышбай әл-Тарази
Қазақстанның Халық артисі
Көпшілік сахнасында театр артистері
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы,
103, Байзақов көшесінің қилысы, 050008
Касса: 378-53-85
Баспасөз қызметі: + 7 778 618 87 96
+ 7 701 722 23 07

Email: teatr_auezov@bk.ru
Copyright © 2020 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сайт разработан: Woxy