ШЫНЫ ХАЙУАНАТТАР
/драма/

Авторы: Т. Уильямс
Аудармасы: Қазақстанның мемлекеттік
сыйлығының иегері А. Сүлейменов
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Жас санаты: 7+
Премьерасы: 2014 жыл, 18 қараша

Қоюшы режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ә. Рахимов

Қоюшы суретші: М. Сапаров
Музыкамен көркемдеген: Ә. Мамыров
Режиссердің көмекшісі: Г. Сейтімбет
Бұл – Американың атақты драматургы Т. Уильямстың 1944 жылы жазған «Шыны хайуанат» пьесасының қазақ театрында алғаш рет сахналануы. Спектакльде қарапайым да арманшыл отбасы Уингфилдтер өмірі Томның еске алуы арқылы көрсетіледі. Тіршілігі мен арманы үйлеспеген әйел Аманда ұлы мен қызы өмірден өз орнын тапса деп жанталасады, бірақ оларды түсінуге құлқы жоқ. Томның арманы еркіндікке кету; ал, өмірмен бетпе-бет келуден қаймығатын Лаура өзін шыны хайуанат әлемінде ғана еркін сезінеді. Алдамшы арман, жан жалғыздығы мұңға батыратын қойылымда уақыттың жинақ белгілері де танылады.
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Аманда
Дәрия Жүсіп
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Том
Ермек Бектасов
Лаура
Салтанат Бақаева
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Әсел Сайлауова
Джим
Мейрамбек Тағанов