ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ
/драма/

Авторы: Н. Келімбетов
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: 7 +
Премьерасы: 2008 жыл, 16 қазан
Қоюшы режиссері: Қазақстанның халық артисі, профессор
Е. Обаев
Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Т. Аралбай
Қоюшы суретшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
Е. Тұяқов

Музыкамен көркемдеуші: Е. Қуантқанов
Режиссердің көмекшісі: А. Кабдешова
Драма оқиғасы аурухана палатасында өтеді. Драманың бас кейіпкері бүгінде жасы жетпісті алқымдаған Мейірбек бақыт туралы, өмірдің мәні туралы ойға шомады. «Бақытты болу – бір бөлек, ал бақытты екеніңді сезіне білу – екінші бөлек нәрсе, яғни екеуі екі түрлі құбылыс» депті бір данышпан. Әттең кейбір пенделер бақытқа кенеліп жүрсе де өздерін бақытсыз санайды.
Драма кейіпкерлерінің өзара пікірталастары мен ой таратуларынан өзіндік дүниетанымдары, өмір ұстанымдары айқын танылады. Дәулет – жан дәулетімен, Асылхан – туған топырақтан ажырамаған хандығымен, Мейірбек – құдайдың өзі өлшеп берген азды-көпті өміріне ырзашылығы, қанағатымен дараланады. Достардың арасында өмірлік жолын, бәлкім, дұрыс таңдамаған Советбектің өкініші көп...


РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Мейірбек
Төлеубек Аралбай
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Жандарбек Садырбаев
«Құрмет» орденінің иегері
Советбек
Айдос Бектемір
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері

Үсіпхан Сейтімбет
«Құрмет» орденінің иегері
Дәулетбек
Жалғас Толғанбай
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Асылхан
Азат Сейтіметов
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нұрлан Әбілов
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері
Қарлығаш
Шынар Асқарова
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Гүлшат Тұтова
Қыз
Саяжан Реал Бланко

Анар Бөкенбай
Жас жігіт
Алмас Шаяхметов
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Ақберген Жұмабаев

Мейрамбек Тағанов