ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ МАХАББАТ
/драма/

Авторы: Қазақстанның мемлекеттік
сыйлығының иегері Д. Исабеков
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: 7+
Премьерасы: 2014 жыл, 21 қазан

Қоюшы режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Кәкішева
Режиссердің ассистенті: Жастар одағы сыйлығының иегері
Б. Қажынәбиева
Қоюшы суретшісі: М. Сапаров
Киім үлгісінің суретшісі: Б. Әбдіманапова
Композиторы: Ш. Базарқұлова
Биін қойған: Г. Мұхамеджанова
Режиссердің көмекшісі: С. Гениярова

Заманынан озып туып, соңына өшпес рухани мол мұра қалдырған, көрнекті ақын, Алаш ардагері Мағжан Жұмабаев тағдырының ақтаңдақты тұстары аз емес. Халық жауы науқанымен екі рет ұсталып, қырық төрт жыл ғұмырының он жылын қапаста, түрмеде өткізген ақынның қасіретті тағдыры спектакльде аяулы жары Зылиханың естелігі арқылы беріледі.
Еркін рухты, құдіретті жырлар жазған «нағыз ұлттың, әлеуметтің, халықтың сөзін сөйлеген» (М. Әуезов) Мағжан ақын... Қиын-қыстау уақытқа, небір кедергілерге қарамай ерінің соңынан іздеп сан рет барған; өмір бойы Мағжан рухын ардақтап, өзінің соңғы демі біткенше ұлы ақын жырларының кейінгі ұрпаққа жетуіне бар күш-жігерін салған Зылиха... Олардың ұлы махаббаты – кейінгі сан ұрпаққа өнеге.
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Мағжан Жұмабаев
Алмас Шаяхметов
"Серпер" Жастар одағы сыйлығының иегері

Мерей Мұхтарұлы
Зылиха Жұмабаева
Дәрия Жүсіп
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Баян Қажынәбиева
Жастар одағы сыйлығының иегері
Мадина
Ләззат Қалдыбекова
"Серпер" Жастар одағы сыйлығының иегері

Салтанат Бақаева
"Серпер" Жастар одағы сыйлығының иегері

Ажарлым Бақытжанова
Валерий Брюсов
Жасұлан Байсалбеков

«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Жанат Тыныбаев

Қәжен
Ғалымбек Оспанов

Ақберген Жұмабаев

Гүлсім
Зарина Карменова

«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Анар Бөкенбай

Майра Абсадықова

Тергеуші
Нұрғиса Қуанышбайұлы

Ғалымбек Оспанов

Бақылаушы
Қайрат Нәбиолла

Шерхан Пірназарова